14.Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан.
Жаңа экономикалық саясат - ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған саясат . 1921 жылы наурызда коммунистік парияның 10-съезінде «әскери коммунизм» саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азамат соғысы кезінде енгізілген азық түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. ЖЭС-тың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы 1922-1924 жүргізілді. Еліміз әлемдік ақша нарығында жоғары бағаланатын, тұрақты валютаға ие болатын болды. Фабрика, зауыттар мен өзге де кәсіпорындарда еңбекақы төлеу қолға алынды. Сауда қайтадан жандана түсті. Жеке меншік секторлар қарқынды дами бактады. Мысалы қаланың жеке сауда есебінен сауда айналымы 85 пайыз құраса, мемлекеттік сауда небәрі 2 пайыз ғана болатын.
Жалпы жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды. 1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен ашаршылық басталды. Республика халқының 1/3-і аштыққа ұшырады. Ашыққандар саны 1921 жылы қарашада 1 млн 508 мың адам, 1922 жылы наурызда 2 млн 303 мың 200 адам болды. Ашыққан адамдар Орынбор, Орал, Бөкей, Қостанай, Ақтөбе губернияларында көп болды.
Аштықтың тағы бір себебі азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерінің алып кетуі болды. Ауыл шаруашылық өнімдерін Мәскеу, Петроград, Қазан, сияқты орталық қалаларға жіберді. Нәтижесінде қазақстанның астықты аймақтарының халқы ашыға бастады. Мысалы, астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларынан азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80 пайызын әкетті. Алайда, мамыр-маусым айларында аштыққа ұшырағандар саны кеми бастады. . Сондай-ақ, Қазақстанда 1921-1922 жылдардағы аштықтың салдарынан демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды. 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.
Жаңа экономикалық саясат жылдарында ең алдымен салық мөлшері жеңілдеді. Атап айтар болсақ, 1921 жылғы 14 маусымда «Нақты ет салығы туралы» декрет шығып, қазақтар ет салығынан босатылды. Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға көмектесті. Мысалы, 1924-1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн болды. Жаңа экономикалық саясат 1924-1925 жылдары өзінің нәтижесін берді.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесінде күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді. Өнеркәсіп саласында да біраз өзгерістер болды. Республикада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполиметалл» трестері құрылды. Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді. 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өнімдерін өндіру 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 пайызынан астамы іске қосылды, ал 1921 жылы бұл 21% болған еді. Көлік қатынасы қалпына келтірілді. Сауданың маңызы артты. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы республикада 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы 30 млн сомға жетті. Басты жәрмеңкелер Семей губерниясында - Қоянды, Баянауыл. Ақмола губерниясында - Атбасар. Ақтөбе уезінде - Ойыл, Темір. Бөкей ордасында - Орда. Өнеркәсіпті қалпына келтіру кезеңі республикада 1928 жылы аяқталды. Алайда, И.В.Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан ХХ ғасырдың 30 жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу.
1921 жылы Батыс сібірде Қазақ өлкесінің солтүстігі мен батыс бөлігіндегі жерлерді межелеу саясаты жүргізіле бастады. Үкімет тарапынан дайындық жұмыстары Орта АЗИЯДА ҰЛТТЫҚ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ межелеу және қазақ жерлерін қайта біріктіру бағытында жүргізілді. 1924жылы 27 қазанда КСРО ның ОАК сессиясында Өзбек ССР ін Түрікмен АКСР ін,РКСФР құрамындағы Қара қырғыз автономиялық облысын,Қазақ Акср ін құру туралы шешім қабылдады. Ұлттық территориялық межелеу саясатының нәтижесінде Қазақ АКСР ның құрамына Қазалы, Ақмешіт,Түркістан,Шымкент уездері және Әулиеата уезінің көп бөлігі,Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бөліктері, Самарқант облысының Жизақ уезіндегі алты көшпелі болыс қосылды. Жетісу облысына Алматы, Жаркент,Лепсі,Қапал уездері,Пішпек уезіне Қарақоныс,Шу,Георгиевка болыстары енді. Қазақ АКСР нің территориясы 700мын км2 қа артып, жалпы 27 млн км 2 ты құрады. Халқының саны 1468 мың адамға өсіп жалпы 5230 мың адамға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақ АКСР халқының 61,3 % кұрады. 1925 жылы республиканың астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп оған кеңес үкіметінің идеологиялық талаптарына сәйкес келетін Қызылорда деген атау берілді. Осы жылы Қазақ АКСР і кеңестері V сьезінің ұсынуы бойынша КСРО ның БОАК (Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитеті ) республиканың дұрыс атын қалпына келтіру яғни қазақ деп атау туралы шешім қабылдады. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің үлкен маңызы болды. Оның мұндағы зор маңызы ұлттық-мемлекеттік межелеудің бүгінгі Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыда негіздеп бергені болды.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезген жоқ , сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол Сталинге хат жазса Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды. Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1-інші өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту 2-інші өлкені шикізат базасы ету.Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның бағыты:1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын бастаса,шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.1927 жылы ақпанда Бүкілресейлік орталық атқару комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Нұрмақов Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады. Бұл қаулыны іске асыру барысында басымдылық қоныс аударушыларға берілді. Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып , халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке келген Ф.И.Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |