1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


-80 жылдары кино өнеріде дамыды



бет64/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

1970-80 жылдары кино өнеріде дамыды
Кино өнерінде Режиссер Шәкен Айманов “Атаманның ақыры”, “Транссібір экспресі”Сұлтан Қожықов Қыз Жібек фильмдерін түсірсе осы жылдары классикалық әдеби шығармалар желісімен көптеген фильмдер экранға шығады: Мұхтар Әуезов бойынша 1973жылы режисер Өкеев «Көксерек» режиссер Бисембаев 1975жылы Дулат Исабеков бойынша «Гауһартас» Әзірбайжан Мәмбетов 1978жылы Әбдіжәміл Нүрпеисов бойынша «Қан мен тер» 1980жылы Әнуар Әлімжанов бойынша «Жаушы» фильмдерін түсірді. .


46.ХХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы ғылым саласындағы табыстар мен проблемалар.
70-80-ші жылдары ғылым саласында да біраз табыстарға қол жетті. Республика Ғылым Академиясының бірсыпыра ғылыми зерттеулерін дүние жүзі таныды. 1976 жылы биолог ғалым М.Ә.Айтхожин генетика мен микробиология саласында Лениндік сыйлыққа ие болды. Ахмедсафин респуликада гидрогеология және гидрофизика ғылымдарын жоғарыдеңгейде ұйымдастырса академик Бараев басқарған бүкілодақтық ауыл шаруашылыңы ғылым академиясының Шығыс бөлімі топырақ қорғаудың жаңа жүйесін жасауда зерттеулер жүргізді. Ғалымдардың зерттеулері оңтүстік Маңғыстауда және Орал-Ембі атырабында мұнай мен газдың ірі кендерін игеруге, Ертіс-Қарағанды каналын салуға, егін шаруашылығында топырақ қорғау жүйесін енгізуге көмектесті. Осы жылдары бес томдық “Қазақ КСР тарихы”, он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі”, он бір томдық “Қазақстанның металлогениясы”, тоғыз кітаптан тұратын “Қазақстанның сүт қоректілері”, тоғыз томдық “Қазақстанның өсімдіктері” және диалектикалық логика жөнінде бірсыпыра іргелі монографиялар мен зерттеулер жарық көрді. Әл-Фарабидің, Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп басылып шығарылуы қоғамдық ғылымдағы елеулі оқиға болды.Алайда Қазақстан ғылымының табыстарымен бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да болды. Машина жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып келді. Академиялық, жоғары оқу орындарындағы және салалық ғылымды нашар ұштастыру көп тақырыптылыққа, ғылыми күштердің шашырап кетуіне, олардың аса маңызды бағыттарды зерттеуге тиісінше шоғырландырылмауына, ғылыми жұмыстардың бірін-бірі қайталауына әкеп соқты. Ғылыми зерттеулердің тиімділігі күрт төмендеді. Мысалы, 1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады. Сөйтіп, экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның дамуына да салқынын тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет