1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Экологиялық дағдарыс: Семей ядролық сынақ полигонының (1949-1991)зардаптары



бет65/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

47.Экологиялық дағдарыс: Семей ядролық сынақ полигонының (1949-1991)зардаптары.
1945жылдың тамызында Жапонияның Нагасаки мен Хиросима қалаларының тұрғындары алғашқы атомдық бомбылаудың құрбандары болды.Адамзат тарихында алғаш рет ядролық қару адамзатқа қарсы қолданылды. Араға екі жыл салып КСРО да ,Қазақстанда кеңестік ядролық сынақтардың алғашқы орталығы Семей полигоны пайда болды.КСРО да 1946жылы 14 қарашада радиоактивті қозғалтқыштар сынақтары үшін полигон салу туралы қаулы қабылданды. 1947жылы 21 тамызда Қазақстан Кеңес социалистік республикалар министрлер кеңесіне 60км градустағы шеңбер пішіндегі жалпы аумағы 15 155м2 жер телімін дайындау тапсырылды.Осылайша
Қазақстан аумағында атом бомбаларын сынақтан өткізу үшін арнайы 18 млн. гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Семей полигоны Шығыс Қазақстан,Қарағанды,Павлодар облыстарының түйіскен жерінде орналасты. Семей полигонын 15 мын құрылысшы екі жылда салып бітті. Семей маңындағы шөл дала учаскесі халық, шаруашылық нысандары жоқ болғандықтан таңдалды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей облысында таңғы сағат 7-де жерден 38 метр биіктікте қуаты 20 килотондық алғашқы атом бомбасы жарылып, сынақтан өтті.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны1949-1989жылдар аралығында 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Полигонның 40 жылдық тарихында Семейден 120 шақырым жерде 498 ядролық сынақ өткен. Оның 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Мысалы 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналған
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Семей полигонындағы ең соңғы атом жарылысы 1989 жылдың 19 қазанында болды. Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің депутаты болған Сүлейменов 1989жылдын 29 ақпанында Алматы қаласындағы Жазушылар Одағы ғимаратының маңында мыңдаған адамға үндеу жолдап, биліктен жантүршігерлік сынақтарды тоқтатуды талап етті. Қазақстан Республикасының 1990жылғы егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» №409 Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылды. Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан , ақыл-ойы кем адамдар невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болған. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
2009 жылы БҰҰ-ның бас ассамблеясы 29 тамызды халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет