45.ХХ ғасырдың 70-80-жылдарындағы мәдениет саласын нығайтудағы жұмыстар: қазақ әдебиеті, өнері мен музыкасы. 1970-80-ші жылдары мәдениет саласын нығайтуда біраз жұмыстар істелді. Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көрсетті. Оларда 12 мыңнан астам көркемөнерпаздар ұжымы істеді. Ауыл-село тұрғындарының тұрмысына теледидар, радио, баспасөз, кино бұрынғыдан көбірек ене бастады. Қазақстанның село зиялыларының мәдени дәрежесі сан және сапа жағынан едәуір өсумен сипатталды. Орта есеппен бір колхоз бен совхозға 70-ші жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта білімі бар маманнан келді.
1970-80-ші жылдары қоғамдық ғылымдар, көркем әдебиет ұдайы билік тарапына қысым көрді. Соған қарамастан әдебиет пен өнердің өзіндік өкілдері тамаша шығармалар мен туындылар шығара білді. 1970жылы жазушы Әнуар Әлімжанов Әл фарабидің туғанына1110 жыл жылдығына орай жазған Ұстаздың оралуы” романы үшін Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды,Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Ғабит Мүсірепов ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағына ие 1976жылы болды. Жазушының Ұлпан повесі орыс тіліне аударылды. Осы жылдары ақын Қадыр Мырзалиевтың «Жерұйық» /1976жылы /, «Алақан» /1977жылы /, «Қорамсақ» /1980жылы шыққан туындылары, Тұманбай Молдағалиевтың 1975 жылы шыққан «Махаббат оты сөнбесін» 1976жылы шыққан «Мен де жиырма жаста едім» Жұмекен Нәжімеденовтың 1970 жылы шыққан «Мезгіл әуендері» Мұқағали Мақатаевтың «Армысыңдар, достар» / «Қарлығашым келдің бе?» «Дариға-жүрек» «Аққулар ұйықтағанда» Сағи Жиенбаевтың «Құралай салқыны» Төлеген Айбергеновтың «Арман сапары» «Құмдағы мұнаралар» Мұхтар Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды» «Сенім патшалығы» «Ғашықтық ғаламаты» , Фариза Оңғарсынованың «Асау толқын» , «Мен сенің жүрегіңдемін» деген шығармалары жарық көрді . Қазақ музыкасын тың шығармалармен толықтырған Еркеғали Рахмадиев Ғазиза Жұбанова,Нұрғиса Тілендиев,Ілия Жақанов,Шәмші Қалдаяқов тар болды. Отырар сазы Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Қазақ филормониясы жанынан 1980 жылы құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Нұрғиса Тілендиев басында шағын ансамбль ретінде ұйымдастырып, 1982 ж. оркестр санатына көтерген. Республикада 1970-80 жылдары Досмұқасан,Айгүл,Гүлдер ансамблдері құрылып танымал болды.
Досмұқасан — эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі . Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсайынов болды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралған.«Гүлдер» республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар ансамблі1969 жылы Қазақстанның Халық әртісі Гүлжихан Ғалиева ұйымдастыруымен құрылған. 1969 жылы құрылған «Гүлдер» ансамблінің атағы бүкіл Кеңес одағына танымал болған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты жанынан құрылған "Айгүл"вокалды-аспаптық халық ансамбліде осы жылдары кең танымал болды. Репертуарынан қазақтың халық әндері орын алды. 1975 ж. "Айгүлге" халық ансамблі құрметті атағы берілді Роза Рымбаева 976 жылы Болгарияда өткен эстрада артистерінің дәстүрліхалықаралық байқауына қазақстандықтардың ішінен тұңғыш рет қатысып, бас бәйге - «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, 1977 жылы Сопотта, 1979 жылы Стамбулда өткен халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала - 83» халықаралық байқауының бас жүлдегері болса 1970-80 жылдары Ермек Серкебаев,Әлібек Дінішев,Роза Бағланова,Бибігүл Төлегеновалар кең танымал болды.