1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ж. КОКП-ның XX сьезінде И.Сталиннің жеке басына табынуды сынау



бет54/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

37.1956 ж. КОКП-ның XX сьезінде И.Сталиннің жеке басына табынуды сынау.
1956 жылы 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комите- тінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін эшкерелеп, талдау жасауға тырысты. "Жеке басқа табынушылық жэне оның салдары" туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жар­ты жылдан кейін, 30 маусымында "Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою" жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің XX съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу" туралы баяндамасының толық мэтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Тарихта "жылымық" деп аталып жүрген 1954—1964 жыл­дары біршама басшылықтың үжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған шаралар біршама ой еркіндігін туғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерьлерден босатылып, партияның кейбір қайраткерлері ақталды. 1930—1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953—1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, ¥лы Отан соғысы жылдары жау басып алған аумақтарда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мүқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрущев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз сотталған адамдар түрмелерде қалды. Тарихи шындық ақтаңдақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жүмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және тағы басқа алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. ¥лттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау жэне тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет