1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы



бет80/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Мемлекеттік Туды жасауға 600-ге тарта автор қатысқан. 600 үміткер 1000-нан аса жоба ұсынған. Конкурс екі айға созылған,суретші Шәкен Ниязбековтың туындысы озып шықты. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков дейміз
Мемлекеттік ту көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бірлік ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркі халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп айтуға болады. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет