1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстандағы жекешелендіру, негізгі кезеңдері



бет90/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

67.Қазақстандағы жекешелендіру, негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы елдердің бірі болып КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді. Ол үшін ең алдымен барлық тауарлар мен қызметтердің бағасын либерализациялау мен мемлекеттің меншігін жекешелендіру қажет еді. Жекешелендіру дегеніміз — азаматтардың және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу деген сөз. Немесе меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру процесі. Жекешелендірудің басты мақсаты — жекешелендірілген кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік бюджет тапшылығын азайту. Яғни, ол — нарықтық экономикаға көшудің негізі болды. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет