1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет91/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Жекешелендірудің мақсаты :
1. Кәсіпкерлікті дамыту.
2. Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу.
3. Еркін баға орнату.
4. Жеке меншік секторлар құру.
5. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
1991 жылы жекешелендіру процессі басталды.Жекешелендіру процесі үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Оның міндеті:1. Мемлекеттік меншіктің көлемі мен құрылымын белгілеу.
2. Меншіктік құқық беруді дайындау.
3. Шағын жекешелендіру объектілерінің 50%-н жекешелендіру. Бұл кезде негізі көңіл кіші бизнестің дамуына аударылды. Жекешелендірудің бірінші кезеңі қарапайым халыққа хаос болып көрінді. Оның да өзіндік себептері де болды: біріншіден, халық жекешелендірудің нақты мәнін түсінбеді, екіншіден, жекешелендірудің заңдылықтары мен ережелері толық жетілмеді, яғни қазіргідей тәжірибе бойынша ашық, жариялы түрде жүргізілмеді. Қазақстанда жекешелендірудің алғашқы кезеңі «кіші жекешелендіру» деп аталды, онда мемлекеттік сауда және қызмет көрсету орталықтары, тұрғын үйлер жекешелендіріліп, еңбек ұжымдарына берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі 1992-1993 жылдар аралығын қамтыды. Міндеті: орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру.Көптеген шағын жекешелендіру объектілері жергілікті мемлекеттік мүлік комитеттерінің шешімімен байқау (конкурс) немесе аукцион өткізілмей, өте төмен бағаға берілді. Қазақстан парламенті бұл стихиялық процесті реттеуге күш салды. Бұл кезеңі — «жаппай жекешелендіру» кезінде шағын, ірі кәсіпорындар, зауыттар мен фабикалар инвестициялық купондарға сатылды, осы кезде ел экономикасына шетел инвесторлары келді, ауыл шаруашылығы, бұрынғы колхоз, совхоздардың мал-мүліктері үлескерлерге бөлініп берілді.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1993-1995 жылдар аралығын қамтыды.
Міндеті:
1. Мемлекет иелігінен алудың ұлттық бағдармаласын қабылдау.
2. Меншікті мүлікті басқару жөніндегі комитеттің қолына көшіру.
3. Инвестициялық купондар енгізу.
1993 жылғы наурызда мемлекет иелігенен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды. Барлық меншік Мемлекеттік мүлікті бақару комитетінің қолына көшірілді. Бұл комитеттің міндеті:
1. Меншік республика азаматтарына тегін таратылып берілуге тиіс.
2. Арнайы төлем құрылдары-жекелендіру инвестициялық купондарын енгізу.
Инвестициялық купон иесі оны әр түрлі инвестициялық қорларға салуға мүмкіндік алды. Купондарды өнеркәсіптік кәсіпорындар акцияларына ауыстыруға және сатуға рұқсат берілмеді.
200-ге жуық инвестициялық қорлар құрылды. Мақсаттары купондары жинастыру, аукционға шығарылатын өнеркәсіптік кәсіпорындардың акцияларын иелену.
Бірақ 1995 жылдың басында жекешелендіру бағдарламасының жүзге аспайтындағы белгілі болды. Жекешелендірудің мына негізгі мақсаттары орындалмады:
1.Тиімді жұмыс жасайтын жеке меншік секторды құру.
2. Қалыпты бәсекелестік ортаны қалыптастыру.
3. Экономикалық-әлеуметтік жағдайының төмендеуін тоқтату.
Бірқатар ірі кәсіпорындар өте төмен бағамен шетелдық компанияларға сатылды. Шетелдік фирмалар иелігіне берілген маңызды объектілер:1. Қарағанды металлургия және Соколов-Сарыбай комбинаттары.
2. Жезқазған, Балқаш мыс қорыту комбинаттары.
3. Павлодар алюминий заводы.
4. Павлодар атом-энергетиқалық кешені кәсіпорны т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет