1 Зертханалық жұмыс. Базалық топологиялар және компьютерлік желілерде мәліметтер тарату тәсілдері



бет3/4
Дата12.05.2020
өлшемі47,5 Kb.
#67479
1   2   3   4
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Желі топологиясы

Star topology

10 «Жұлдызша» топологиясы бойынша компьютерлер кабель сегменттері арқылы шоғырландырғыш (Hub) деп аталатын орталық компонентке тікелей жалғанады. Жіберуші компьютерден берілген сигналдар концентратор арқылы калған компьютерлерге тарайды.

11 Егер 1-компьютер 6-компьютерге сигнал жібергісі келсе, онда ол сигналды алдымен шоғырландырғышқа жібереді. Ал шоғырландырғыш сигналдың одан ары қарай тарауына жауап береді.

12 Егер компьютер ақаулықты болса, ол желі жұмысына қатыса алмайды, бірақ та ол желідегі басқа компьютерлердің жұмысына әсерін тигізбей, желі жұмысын ары қарай жалғастыра береді.

13 Егер Hub ақаулықты болса, онда желідегі компьютерлер жұмыс істей береді, бірақ желі жұмысын токтатады. Бұл жағдайда желіде нақты не туындайды? Кабельдер қосылған желілік платалар Hub-тың жұмыс істемейтінін біле отырып, оған сигналдар жіберуін доғарады.

Ring Topology

14 "Сақина" топологиясында компьютерлер сақинаға ұқсас тұйықталған кабельге қосылады. Сондықтан кабельдің терминатор қосатындай бос ұштары болмайды. Сақина арқылы сигналдар бір бағытта барлық компьютерлерден өтеді. Бұл топологияның пассивті "шина" топологиясынан айырмашылығы, мұнда әр компьютер репитер қызметін де атқарып, күшейтілген немесе қайталанған сигналды келесі компьютерге жеткізіп беріп отырады. Соған байланысты, бір компьютер істен шықса, онда бар желі де жұмысын тоқтатады.

15 Token ring версиясында әр компьютер Hub-қа қосылған. Барлық хабарлар бір компьютерден 2-компьютерге Hub арқылы жеткізіліп отырады.

16 Token ring топологиясы сырттан қарағанда жұлдызшаға ұқсауы мүмкін. Бірақ іс жүзінде біз логикалық сақина бойынша жұмыс істеп, мәліметтер бір компьютерден екінші компьютерге өте отырып, керекті компьютерге дейін жеткізіледі.

17 Компьютерден шыққан сигнал Hub-қа беріліп, одан ары келесі компьютерге жеткізіліп отырады.

18 Маркер тарату. Мәліметтер таратудың "Сақина" желісіндегі бір түрі – маркер тарату деп аталады. Оның мәнісі мынада. Маркер, бір компьютерден екінші компьютерге, "мәліметтер таратамын" деген компьютерге жеткенше өз ретімен өте береді. Аталған компьютерге жеткенде, компьютер маркерді алып, оны аздап өзгертіп (енді бос емес дегенді көрсету үшін), оған электрондық адрес пен мәліметтерді қосып, одан ары қарай сақина бойымен жібереді.

Мәліметтер бір компьютерден екінші компьютерге өте отырып, адресі көрсетілген компьютерге жеткенше жылжи береді.

Хабар жетісімен, қабылдаушы компьютер мәліметтерді қабылдап, оны алғандығын растайтын белгі қосып, маркерді таратушыға қайта жібереді. Осы хабар таратушыға қайтып жеткенде ғана, маркер толығымен босап, қайтадан хабар таратуға даяр болады.

19 Сигнал әр компьютерден тізбектеле өтетіндіктен, бір компьютердің істен шығуы, бүкіл желіні істен шығаруы мүмкін. Бірақ Token ring желісі істен шыққан компьютерді анықтай отырып, оны жұмысқа қоспай, басқа компьютерлердің желідегі жұмыстарын жалғастыра беруіне мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет