нитробензой қышқылының майлы қабаты түзілгенше сулы жылытқышта қыздырады. Реакциялық
қоспа суығаннан кейін суық суға құяды, түзілген тұнба м– нитробензой қышқылын сүзеді,
алдымен суық сумен, сосын бірнеше рет ыстық сумен жуады.
Тұнбаны су буымен айдайтын колбаға құйып, әрекеттеспеген бензой қышқылын айдайды.
м-Ниторбензой қышқылын барий тұзы ретінде тазартады. Ол үшін жаңа алынған қышқылды
20 есе сумен сұйытылған барий гидроксидінің әлсіз сілтілік ыстық ерітіндісімен ерітеді. Содан
кейін 200 мл су қосады және қоспадағы тұнба тұтас еріп кеткенше қыздырады. Фильтратты
салқындатып, түзілген тұнбаны ерітіндіні сүзуге арналған құйғы арқылы фильтрлейді.
Таза қышқылды алу үшін, барий тұзын 10
күкірт қышқылымен қайнатады. Суыған соң
түзілген м-нитробензой қышқылын сүзеді, суық сумен жуып қайта кристалдайды.
Шығымы: 3,8 г (теориялық шығымның 56%).
м-нитробензой қышқылы
– ақ кристалды
ұнтақ. Балқу температурасы 140-141
о
С.
Этил спиртінде, эфирде ериді, бензол мен суда нашар ериді (0,31 г 100 мл).
Достарыңызбен бөлісу: