№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет26/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

Бақылау сұрақтары:
1. Не себепті кәдімгі жағдайда бензол сақинасына бір ацил тобынан артық топты енгізу 
мүмкін емес?
2. Бензол, фенол, анилинге хлорлы ацетилмен әсер ету арқылы қандай қосылыстар алынады? 
Көрсетілген жағдайдағы реакция теңдеулерін жазыңыз.
3. п-Анизидин (п-аминоанизол) бензолда эквимолярлы хлорангидридтер қоспасымен п-
метоксибензой және п-нитробензой қышқылдарына ацилденеді. Бұл жағдайда қандай қосылыстар 
көп мөлшерде түзіледі?
4. Келесі қосылыстарды ацилдеуші күштері бойынша орналастырыңыз: сірке қышқылы, 
этилацетат, хлорлы ацетил, ацетамид, сірке ангидриді?
 
 
№12 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
АРОМАТТЫ КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ТУЫНДЫЛАРЫН СИНТЕЗДЕУ 
Бензой қышқылының этил эфирін
синтездеу (этилбензоат) 
COOH
+ C
2
H
5
OH
COOC
2
H
5
+ H
2
O


Реактивтер: 
Бензой қышқылы – 15 г, этил спирті (абсолютті) – 39 г (50 мл), күкірт 
қышқылы (ρ=1,84 г ⁄см
3
) – 2,8 г, (1,5 мл), диэтил эфирі, натрий карбонатының 5℅ ерітіндісі
натрий сульфаты (сусыздандырылған). 
Құрал-жабдықтар:
көлемі 150 мл дөңес түпті колба, сулы салқындатқыш, бөлгіш 
воронкаы, Вюрц колбасы, термометр, хлоркальцилі түтік, сулы жылытқыш. 
1– сурет. Кері салқындатқыштар 
2– сурет. Күрделі эфирлерді алуға арналған қондырғы. 
Жұмыс барысы:
Дөңес түпті колбаға 15 г бензой қышқылын, 50 мл абсолютті этил спиртін, 
1,5 мл концентрлі күкірт қышқылын құяды. Колбаны тығыны бар кері салқындатқышқа қояды
оған хлоркальцилі түтікті жалғайды, одан әрі сулы жылытқышта 1 сағат қыздырады. Реакция 
аяқталғаннан кейін этил спиртінің қалдығын айдайды, қалған қалдықты ішінде 100 мл суы бар 
бөлгіш воронкаға құяды. Бензой қышқылының этил эфирін 20 мл эфирмен үш рет сұйылтып бөліп 
алады. Эфирлі экстракт құрамындағы бензой қышқылынан арылу үшін натрий карбонатының 5% 
ерітіндісін қолданады, содан кейін сусыз натрий сульфатымен кептіреді. Эфирді Вюрц 
колбасында, сулы моншада айдайды, ал тұнбасын асбесті торда газ жанарғысымен айдап жинап 
алады. Фракцияның қайнау температурасы 210 – 212
о
С. Шығымы: 15 г (теориялық шығымның 
83%). 
Бензой қышқылының этил эфирі
(бензой қышқылының этил эфирі, этилбензоат)– түссіз 
сұйықтық, этил спиртінде, диэтил эфирінде, хлороформда ериді, суда аз ериді (0,08 г, 100 мл).
Қайнау температурасы 212,6
о
С, ρ
20
4
=1,0470, η 
D
20
=1,5068. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет