Бөлшектердің өлшемін өлшеу
Штангенциркульмен сыртқы өлшемдерді өлшегенде, бекіткіш бұранданы 4 босатып және рамканы жылжытып (алдымен қолмен, соңынан 5 бұранданы бекітіп, гайканы бұрау арқылы өлшеуіш еріндерді өлшенетін бөлшектің жақтарына тығыздап тиістіреді де 4 бұрандамен бекітеді. Одан соң штангенциркульді бөлшектен босатып, негізгі шкаламен және нониуспен өлшеу жүргізеді.
Бөлшектің ішкі өлшемдерін өлшеу де осы әдіспен жүргізіледі, бірақ мұнда цилиндрлі өлшеуіш еріндерді бөлшектің ішіне енгізіп жасайды. Өлшенген өлшем мәні инструменттің көрсетуі мен қосарланған еріндердің өлшемдерінің қосындысы ретінде табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |