Қысқаша теориялық мәліметтер
Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады:
(1)
Дененің массасы оның инерттілігінің (қозғалыс күйін сақтау қабылеттілігін сипаттайтын шама) өлшемі. Заттың массасын техникалық таразыда 1050 мг-ға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Сонымен қатар масса дененің гравитациялық қасиеттерін де сипаттайды. Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің бір біріне тартылыс күші олардың массаларына пропорционал.
Қондырғының сипаттамасы
Тығыздықты анықтау үшін дененің массасы мен көлемін білу керек. Бұл жұмыста техникалық рычагты таразы қолданылады. Таразымен жұмыс істегенде мына ережелерді орындау керек:
1. Таразыны дұрыс, горизонтальжазықтыққа орналастырыңыз. Ол үшін таразы иіндерін тепе-теңдік күйіне келтіріп орнықтыру керек. Тепе-теңдікке келтіру үшін реттеуге арналған винттерді және жұқа қағаз бөлшектерін пайдаланыңыз.
2. Кір тастар мен өлшенетін денені өлшеуіш табақшаның ортасына салу керек.
3. Кір тастарды тек қана пинцетпен алыңыз. Өлшеп болғаннан кейін кір тастарды өз орындарына қойыңыз.
Зертханалық таразылар жүкті 10 мг-ға дейінгі дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік береді. Денелердің сызықтық өлшемдерін штангенциркуль немесе микрометрмен өлшеу керек. Оның өлшеу тәртібін оқытушы немесе лаборант үйретеді.
1 кесте
№
|
Диаметр
(мм)
|
Биіктік
(мм)
|
Көлем
(мм)
|
Масса
(кг)
|
,()
|
|
ε
|
ρш.м.
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
<ρ>
|
|
|
|
|
|
|
|
|
<>
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыстың орындалу тәртібі
Денені техникалық таразыда 3-5 реттен аз емес етіп өлшеп, нәтижесін
1 кестеге жазу керек.
Штангенциркуль немесе микрометрмен дененің сызықтық өлшемдерін өлшеп, сол кестеге жазып қой.
Өлшенген шамаларды ХБЖ-іне өткізіп, дененің тығыздығын тап, абсолют және салыстырмалы қателіктерін есепте.
Шыққан нәтижелерді анықтама кітаптарында келтірілген нәтижелермен салыстыр. 1 кестеде цилиндр тәрізді денелерді өлшеу кезіндегі толтыру үлгісі көрсетілген. Цилиндрдің көлемі мына формуламен анықталады:
V=πr2 h,
Мұндағы: r- цилиндрдің радиусы, h- цилиндрдің биіктігі, d- цилиндрдің диаметрі.
Бақылау сұрақтары
Заттың тығыздығы деп нені айтамыз, оның өлшем бірлігі қандай?
Дененің массасы және салмағы дегеніміз не?
Масса дененің қандай қасиеттерін сыйпаттайды?
Дұрыс геометриялық пішіндегі дененің көлемін қалай анықтайды?
5. Дененің тығыздығының физикалық мәні неде?
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. И.В. Савельев «Жалпы физика курсы» 1 том, 2010 ж.
2. Т.И. Трофимова «Краткий курс физики», 2005 г.
3. С. Малгаждаров «Физика». Дәрістер курсы 1 бөлім, 2006 ж.
4. Жалпы физика курсы бойынша зертханалық практикум. 1 б. 2010 ж
Достарыңызбен бөлісу: |