Гомологиялық хромосомалар - диплоидты биологиялық жасушалардағы морфологиясы мен құрылымы негізінен бірдей хромосомалар және олар бір-бірімен бірінші мейоздың тетрада кезеңінде ассоциацияланады, әр жұп Гомологиялық хромосомалар бірі анасынан, екіншісі әкеден келеді.
Хромосомадағы гендердің орналасуы
Гендер – организм ағзасындағыбелгілі бір қызметке жауаптыақуызды бейнелейтін ДНҚ сегменттері.Гендер хромосомада түзу сзықты орналасқан.
Мысалға, GJB2 гены саңылау қосылысы бета 2 деп аталатын ақуызды құруға арналған ген. саңылау қосылысы бета 2 ақуыздары қоректік заттарды, зарядталған атомдарды (иондарды) және құлақтағы іргелес жасушалар арасында сигнал беретін молекулаларды тасымалдауға мүмкіндік береды. генетикалық орналасуы: 13q12.11, немесе 13-ші хромосоманың 12.11 орналасқан. GJB2 геніндегі өзгерісі саңыраулыққа кіріптар етелы.
Фенотип (белгілер) организмнің морфологиялық және бейнелік ерекшеліктері сияқты бақыланатын құрылымдық-функционалдық сипаттамалары. Фенотип - генотип пен қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесудің өнімі. Мысалы, адамның қабағының пішіні - бұл белгінің әр түрлі көріністері бар: қос қыртыс және жалғыз қыртыс. Біз оларды салыстырмалы белгілер деп атаймыз. Бұл бір жұп белгілерді тең орынды гендер басқарады.Доминантты белгілерді басқаратындар - доминантты гендер, ал рецессивтік белгілерді басқаратындар - рецессивті гендер . Гендер денелік жасушаларда жұптасыпсақталады, сондықтан генотипінде AA, Aa, аа болып жазылады. А және а аллельдер жұбын көрсетеді.
Аллель (Тең орынды гендер) гомологиялық хромосомалар жұбында ұқсас орынға орналасқан және ұқсас феноеипты белгілейтын генднр.Ескерту: гомологиялық хромосомалар - морфологиясы мен құрылымы негізінен бірдей хромосомалар және олар бір-бірімен бірінші мейоздың тетрада кезеңінде байланысады. Біреуі анадан, екіншісі атадан келеды.
Доминант ген (Көрнекі ген)тең орынды гендер жұбындағы белгілерге шешуші әсер ететін генді айтамыз. Немесе егер геннің аллельдері әр түрлі болса (Aa), онда көрнекі ген басым боладыда, ол бейнелейтын фенотип өрнектеледі.Рецессивті деп аталатын генның әсері бүркемеленеді. Доминант геннің екі нұсқасы арасындағы қатынасты білдіреді. Рецессивті гег деп басым орында болмайтын, немесе тек екі рецессивті гег (aa) бірге болғанда ғана бейнеленетын гендерды атаймыз.
Экзон - бұл аминқышқылдарын кодтайтын геннің бөлігі. Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларында гендік тізбектердің көпшілігі интрон деп аталатын бір немесе бірнеше ДНҚ тізбектерімен бөлінген. Ақуыздың синтезделуыне экзондар ғана жеткілікты, тек экзондар ғана экспрессияланған. ал ақуыздың экспрессиялануына қатыспайстын гендер интрондар деп аталады, олар аралықта болады - немесе экзондар кодына кедергі келтіреді, хабаршы РНҚ ның ішінде өте үлкен бөліктерды үстайды. Бұл интрондар ақуыздың экспрессиялануында РНҚ молекуласынан алынып тасталады, тиісті амино қышқылдары кодталуы үшін бір-біріне бекітілген экзондар тізбегін қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |