ДНҚ-ның kонденсацияланып хромосоманы түзу барысы
Эукариоттық хромосомаларында гистондық белоктар болады, олар ДНҚ молекуласымен байланысып, оны конденсациялайды.
Гистон - хромосома құрамында маңызды рөл атқаратын ақуыз. ол H1, H2A, H2B, H3, H4 қатарлы бөлшектерден құралады. ДНҚ молекулаларының жасуша ядросына өте көп орналаспауы үшін гистон ақуыздарының комплекстерін орап, хромосомаға ықшам пішін береді. Гистондардың кейбір нұсқалары гендердің экспрессиясының реттелуіне байланысты.
хромосоманың ең қарапайым құрылысы қос спиралды ДНҚ болып табылады.
ДНҚ гистондық ақуыздармен байланысып, нуклеосоманы құрайды.
әр бір нуклеосомада сегіз гистон болып, ДНҚ оны 1.65 рет орайды.
Бір хромотосома - бір нуклеосома және H1 гистоннан құралады.
Нуклеосомалар ширатылып, диаметрі 30 нанометрлік талшықтарды құрайды.
Осы формада 300 нанометр айналасында иретіледі.
Осы талшық онан ары конденсацияланып, диаметрі 700 нанометр жіпше түзеді.
Ең соңында қатты нығыздалған хромосомаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |