Карта бағытын және құлдилығын анықтау
Құлама бағыты деп, ең үлкен құлдилық бағытын түсінеміз, ол картада екі көрші горизонтальға нормаль болып табылады.
Қиманың h биіктігін біле отырып, d құламасының жатысын карта масштабын ескере отырып, циркульмен өлшеп, мына формула бойынша сызықтар еңісін есептейді:
(19)
Сызықтың δ көлбеу бұрышын жатыстардың масштабы бойынша анықтау ұсынылады (13-сурет).
13-сурет - Жатыстар масштабы
А және В нүктелері арасындағы бұрышты анықтау талап етілді дейік. Бұл үшін циркульдің айрық ашасымен жоспардан d жатысын аламыз да, циркульдің бір таяғымен жатыс масштабында - горизонталь сызық бойымен, ал екіншісімен В нүктесінде қисық сызықпен қиылысқанға дейін сырғытамыз.
Горизонталь цифрланған сызықтан (циркуль таяғының орны А нүктесінде) δ = 2°30′ өлшемін түсіреміз.
Ұқсас түрде көрші горизонтальдарда орналасқан екі кез келген берілген нүктелер арасындағы көлбеу бұрышты анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |