№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Цилиндрлік деңгейлеуішті тексеру



бет23/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

4.4.1 Цилиндрлік деңгейлеуішті тексеру

Горизонталь дөңгелек алидадасының цилиндрлік деңгейлеуіш осі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы керек (17,б-сурет).


Алидаданы айналдыру арқылы тексеру үшін тіреуіштің екі көтергіш бұрамасының бағытымен орнатады. Осы бұрамаларды қарама-қарсы бағыттарда айналдыру арқылы ампуланың ортасына (ноль-пунктқа) деңгейлеуіш үлбіреуігін шығарады. Алидаданы 180 бұрады да, үлбіреуіктің ноль-пункттен ығысуын көзбен бағалайды. Егер ауытқу деңгейлеуіш шкаласының бір бөлігінен көп болса, түзету жүргізеді. Бұл үшін ауытқу доғасының жартысына ноль-пункттен бастап деңгейлеуіш үлбіреуігін тіреуіштің көтергіш бұрамаларын айналдыру арқылы жылжытады. Екінші жартысын – деңгейлеуіштің түзеткіш бұрамалармен. Бұдан кейін тексеруді талап етілген шартты орындағанға дейін қайталайды.


4.4.2 Коллимациялық қатені тексеру


Дүрбінің көздеуіш осі айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Көздеуіш осі деп объективтің оптикалық центрі мен жіптер торының айқаспасы арқылы өтетін жорамалдағы сызықты атаймыз (17,в-сурет).


Осы шартты тексеру үшін дүрбі жіптері торының айқаспасын түтіктің айналу осі деңгейінде орналасқан, жергілікті жерде жақсы көрінетін нүктеге келтіреді және вертикаль дөңгелектің екі күйі кезінде горизонталь дөңгелек бойымен есеп алады: ОД– дөңгелек – оң-вертикаль дөңгелек дүрбіге қатысты оң жақта орналасқан, СД- дөңгелек – солға-керісінше C коллимациялық қателікті мына формула бойынша есептейді
С=(СД-ОД±180)/2 (28)
Егер С шамасы есептік құрылғының қос дәлдігінен асатын болса, онда түзету жүргізеді. Бұл үшін мына формула бойынша X дұрыс өлшемді шығарады
X=(СД+ОД±180)/2 (29)
және горизонталь дөңгелек алидадасының келтіргіш бұрамасымен осы өлшемді бекітеді. Осы кезде жіптер торының-4 айқаспасы дүрбінің көру шегінде байқалатын нүктеден ығысады (18-сурет). Сонда жіптер торы жақтауының вертикаль түзету бұрамаларын босатып, бүйір бұрамаларын айналдыра отырып, жіптер торының айқаспасын бақыланатын нүктеден біріктіреді. Бұдан кейін вертикаль түзету бұрамаларын бекітіп, тексеруді С шамасын 2 аз, яғни 1алғанға дейін қайталайды.

18-сурет- Жіптер торы


Коллимациялық қателіктің әсері горизонталь бұрышты өлшеу кезінде вертикаль дөңгелектің екі күйі кезінде болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет