| ТЕОДОЛИТТЕР | Т30 | 2Т30 | 2Т30М |
Бір тәсілмен өлшеудің орташа квадраттық қателігі, аспайды:
|
|
|
|
Горизонталь бұрыш, С
|
30
|
30
|
30
|
Вертикаль бұрыш, С
|
45
|
45
|
30
|
Дүрбі:
|
|
|
|
Ұлғайту, еселік
|
18
|
18
|
20
|
Нысаналаудың ең аз қашықтығы, М
|
1,0
|
1,2
|
1,2
|
Вертикаль бұрыштарды өлшеу шектері, градус
|
+60 . . . -55
|
Теодолит массасы, кг
|
3,0
|
2,5
|
2,3
|
2Т30М теодолиті (15-сурет) қайталағыш типтегі маркшейдерлік болып табылады. Теодолит 34 стандартты тесігі, қысқыш бұрамасы 2, үш көтергіш бұрамасы 3 және серіппелі бекіткіші (15-суретте көрінбейді) бар алмалы-салмалы тіреуішке 1 орнатылады, оны тіреуішті теодолитпен орнату немесе ажырату кезінде тарту қажет. Теодолитті азимут бойымен бұру және дүрбіні горизонталь жазықтықтағы затқа дәл келтіру бұралған бекіткіш бұрама 6 болғанда келтіргіш бұрамамен 5 жүзеге асырылады. Дүрбіні затқа дәл келтіру бұралған бекіткіш бұрама 3 болғанда келтіргіш бұрамамен 7 жүзеге асырылады.
Дүрбі 4 екі шетімен зенит арқылы аударылады. Дүрбіні затқа фокустау фокустеуші сақинаны 9 айналдыру арқылы жүргізіледі. Диоптрлік сақинаны 10 айналдыру арқылы окулярды бақылаушының көзі бойымен жіптер торының айқын бейнесін алғанға дейін орнатады.
Дүрбі окулярымен қатар шкала типті оптикалық микроскоп 11 окуляры орналасқан. Алдын ала нысанаға келтіру үшін түтіктің екі жағы бойымен оптикалық визиторлар 12 болады.
Теодолит қайталағыш құрылғымен жабдықталған, ол горизонталь дөңгелекті алидадамен бекітетін рычагтан және бекіткіштен тұрады, оны басу арқылы горизонталь дөңгелек босайды (15-суретте рычаг пен бекіткіш көрінбейді).
Горизонталь дөңгелек корпусында цилиндр деңгейлеуіш 13 бекітілген, оның көмегімен тіреуіштің көтергіш бұрамаларын айналдыру көмегімен теодолиттің вертикаль осі аспалы күйде орнатылады, яғни теодолит горизонтталады.
Теодолит бағанасы қақпағында 14 өлшем жүйесін табиғи жағдайларда жарықтандыру үшін жарықтандырғыш (15-суретте айна көрінбейді) айнасы болады. Шахта жағдайларында жарықтандырғыш шынысының жақтауына жарық түсіргіш бекітіледі. Сонымен қатар теодолит бағанасы қақпағында 14 теодолитті магниттік меридианға қатысты бағдарлау үшін бағдар-буссолиді бекіту ұясы болады.
Теодолитті геометриялық нивелирлеу үшін пайдалану кезінде дүрбіге деңгейлеуішті орнатады.
Және айта кететін зат - Теодолит ағаш қорапқа қорапталады.
Т30 теодолит 2Т30М теодолитінің түпнұсқасы болып табылады, екеуінін айырмашылығы ол металл қорапқа қорапталады. Табанының ортасында тесік болады, оны жұмыс күйіне орнатқан кезде штативтік орнақ бұрамасы бұралады.
Горизонталь дөңгелектің лимбі мен алидадасында бекіткіш және келтіргіш бұрамалар болады. Сонымен қатар вертикаль дөңгелекдің бекіткіш және келтіргіш бұрамалары болады.
Көру сақинасын (бұрамасын) фокустау. Есептік құрылғыда микроскоп – бағалағыш пайдаланылады (15-суретте).
15-сурет - 2ТЗО теодолиттің құрылысы:
1) объектив; 2) вертикаль дөңгелектің қысқыш бұрамасы; 3) вертикаль дөңгелектің келтіргіш бұрамасы; 4) вертикаль дөңгелек алидадасының қысқыш бұрамасы;
5) горизонталь дөңгелек алидадасының келтіргіш бұрамасы;
6) горизонталь дөңгелек лимбінің келтіргіш бұрамасы;
7) горизонталь дөңгелек лимбінің қысқыш бұрамасы;
8) трегердің көтергіш бұрамасы (тіреуіштер); 9) оптикалық көздеуіш;
10) салынбалы деңгейлеуіш; 11) горизонталь дөңгелек кезіндегі деңгейлеуіш;
12) кремальера
16-сурет – Теодолиттердің есептік құрылғысының көру шегі
2Т30 теодолиті ол Т30 теодолитінің жаңа түрленуі болып саналады(2-суретті қараңыз). Өлшемдік құрылғыда шкалалық микроскоп пайдаланылады (16-суретті қараңыз).
Дүрбіде геометриялық нивелирлеуді орындау кезінде көздеуіш осьті горизонталь күйге орнату үшін деңгейлеуіш бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |