№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен


Контурлар аудандарын полюстік планиметрмен анықтау



бет17/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

Контурлар аудандарын полюстік планиметрмен анықтау

Аудандарды анықтауға кіріспес бұрын полюстік планиметр құрылысын зерделеу, есептік механизмі бойынша есептеп алуға үйрену, μ бөліктер бағасын және планиметрдің q тұрақтысын анықтау және аудандарды анықтау кезінде кейбір практикалық ережелерді білуі қажет.


Ауданды өлшер алдында карта немесе жоспар учаскесін тегіс горизонталь бетке бекітеді. Планиметрді, оның полюсі өлшенетін учаскеден тыс орналасатындай, ал полюстік және жиектеуші рычаг 30° кем емес және 150° аспайтын бұрыш түзетіндей етіп орнатады.
Планиметр бойынша өлшем төрт цифрдан тұрады: нұсқағышқа жақын бірінші – айналымдар өлшеуішінің кіші цифры (планиметрдің мыңдаған бөліктері), екінші және үшінші цифрлар – есептік доңғалақтың (бөліктер бірлігі) жүздік және ондық бөліктері. Есептік доңғалақ шеңберінің мыңдық бөлігі планиметр бөлігі деп аталады.
Аудандарды өлшер алдында планиметр (μ) бөліктерінің бағасын анықтау қажет. Егер бөлік бағасы мм2/бөл.-мен өрнектелген болса, абсолютті μабс болады және егер берілген жоспар (карта) масштабы ескеріліп, м2/бөл. немесе га/бөл.-мен өрнектелген болса, салыстырмалы болады.
Планиметр бөліктерінің бағасын анықтау үшін қабырғалары 10 см квадрат салады және әрбір жиектеу алдында және соңында n0, n1, n2, n3 есептеу жүргізе отырып, оны 3 рет жиектейді. Өлшемдер бойынша (n1 - n0), (n2 – n1), (n3 – n2) айырмаларын есептейді, олар бір-бірінен соңғы белгінің 3 бөлігінен артық ерекшеленбеуі керек. Сосын планиметр есебінің орташа айырмасын табады
, (21)
Планиметр бөлігінің абсолютті бағасын есептейді
. (22)
Бөлік бағасын анықтау кезінде R айналма рычаг ұзындығын жазады, оған ол сәйкес келеді. Жазу түрі мен μ анықтау мысалы 2-кестеде келтірілген.
Егер бөлік бағасы 10мм2/1бөл.пл. тең болмаса, онда осы дөңгелек мәнге мына формула бойынша сәйкес келетін R0 рычаг ұзындығын табады
(23)
сосын, рычаг ұзындығын R0 өлшеміне орната отырып, өзгертеді.
Біздің жағдайда R = 250 мм, μ = 6,56 мм2/бөл
(24)
Сол бір масштабтағы картаны пайдалану кезінде бөлік бағасын мм2 –пен емес, шаршы метрмен өрнектеу ыңғайлы.
Тұрақты q санын анықтау үшін оның ауданын полюсті контурдан тыс белгілей отырып, сондай-ақ ішіндегі полюсімен анықтауға болатындай өлшемдердегі контурды таңдайды. Контурдан тыс жағдай кезінде (n2 – n1) өлшем айырмасын және контур іші полюсі кезінде (n′2 – n′1) өлшем айырмасын табады.
3.2-кесте − Планиметр бөлік бағасын анықтау

Өлшемдер

Есептер айырмасы

Орташа

Контур ауданы S, мм.

Абсолютті бөлік бағасы мм2/дел.

Планиметр №, рычаг ұзындығы R0

1

2

3

4

5

6

3315

1522
1524
1523

1523

1000

μ = 10000/1523 = 6,56

Планиметр
№297
R =250

4837

6361

7884



q мәнін мына өрнектен табады:
(25)
μ және q тапқаннан кейін берілген контур ауданын (орман алқабы ауданын немесе түрлі алқаптар аудандарын) анықтауға кіріседі.
Бұл үшін полюсті орнататын жерді таңдайды, контурда нүктені белгілейді, оған айналма рычаг нүктесін (дөңгелегін) орнатады және есептік механизм бойынша бастапқы есепті алады. Сосын контурды 2-3 рет сағат тілімен белгіленген нүктеге дейін баяу жиектейді және әрбір жиектеуден кейін n есебін алады. Сосын өлшемнің орташа айырмасын және берілген фигураның ауданын формулалар бойынша есептейді:
а) контур сыртындағы полюстердің орны төмендегідей болған кезде
(26)
б) контур ішіндегі полюс орны былай болғанда
. (27)

3.3-кесте – Ауданын полюстік планиметрмен анықтау



Кон-тур атауы

Карта масш-табы

Планиметр бөліктері-нің бағасы мм2/дел.

Есеп-теу-лер

Есеп-теулер айыр-масы

Орташа есеп-теулер айыр-масы

Контур ауданы, м2 (га)

Ескерту

«Белое» көлі

1:10000




3660
4318
4977
5636

0658
0659
0659

658,6

658600м2
65,86га

Планиметр
№297
рычаг ұзын-дығы R= 381мм

3.3-кестеде контур ауданын полюстік планиметрмен полюсті контур сыртына орнату арқылы анықтау кезінде жазба мысалы келтіріледі.


ПП-М планиметрін пайдалану кезінде аудандарын 400 см2 дейін өлшеу, әдетте полюстің орны контурдан тыс болғанда жүргізіледі.
ПП-М планиметр бөлігінің бағасын анықтау үшін S0 ауданы алдын ала белгілі фигураны таңдайды (километрлік тор квадраты). Біршама жоғары дәлдік алу мақсатында таңдап алынған фигураны контуры бойымен төрт рет: екі рет «полюс оң» (ПО) күйінде және екі рет «полюс сол» (ПС) күйінде жүргізеді. Әрбір жиектеген сайын бастапқы және соңғы өлшемдер алады және олардың айырмаларын (n1 - n0) есептейді. ПО және ПС кезінде алынған айырмалардың екі мәндері арасындағы алшақтық: фигура ауданы 200 бөлікке дейін болса – планиметрдің 2 бөлігі, 200 бастап 2000 дейін бөліктерде – 3бөлік және 2000 жоғары болғанда 4 бөліктен аспауы керек. Егер алшақтық ұйғарылған мәндерден аспайтын болса, онда есептеулердің орташа айырмасын (n1 - n0)ср есептейді және планиметр бөлігі бағасын (22) формула бойынша есептейді.
Аудандарды полюстік планиметрмен анықтау дәлдігі жиектелген фигураның өлшемдеріне байланысты; аудан неғұрлым кіші болса, соғұрлым оны анықтаудың салыстырмалы қателігі үлкен болды. Өлшеудің қолайлы жағдайлары кезінде полюстік планиметр көмегімен аудандарды анықтаудың салыстырмалы қателігі 1:400 жуық.

4 зертханалық жұмыс - Теодолит-тахеометр құрылысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет