№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет14/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

7 - тапсырма. Аты – жөні бағанасына 10 адамның аты –жөнін енгізіңіз. Алаша ақша бағанасына 70 000 – 150 000 аралығындағы сандарды енгізіңіз. Мұндағы Аванс - алаша ақшаның 40% пайызын, Зейнетақы – алаша ақшаның 10% пайызын, Салық ақша – алаша ақша мен зейнетақының айырымының 12% пайызын құрайды. Алатын ақшаны есептеңіз.

10.12-сурет.


8 - тапсырма. Абсолютті адрес арқылы көбейту кестесін толтырыңыз.

10.13-сурет.


9 - тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз.

10.14-сурет.


11 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде ұяшықтарды пішімдеу
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесінде ұяшықтарды форматтауды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Ұяшықтарды пішімдеуге болады. Ол үшін ұяшықты белсенді етіп алып, Басты=>Сан (Главная=>Число) лентасындағы батырмаларды пайдаланамыз немесе Сан жанындағы стрелкаға басамыз. Сондай-ақ жанама мәзірден Ұяшықтың пішімі (Формат ячеек) командасын орындауға болады (11.1-сурет).

11.1-сурет. Жанама мәзір терезесі


Жұмыс алаңына Ұяшықтардың пішімі (Формат ячеек) сұқбат терезесі пайда болады. Ол бірнеше беттерден тұрады.

Сан (Число) бетінде ұяшықтың пішімдері берілген (11.2-сурет):

- Жалпы (Общий) мәтін және сандық мәндер енгізу үшін;



-Сандық (Числовой) сандық мәндер енгізу үшін, мысалы, 2 125;

-Қаржылық (Денежный) қаржылық мәндер енгізу үшін, мысалы, 45р:

-Күн (Дата) күнді енгізу үшін, мысалы, 18.05.2012;

-Уақыт (Время) уақытты енгізу үшін, мысалы, 13:30:55;

-Пайыздық (Процентный) пайыздық мәндер енгізу үшін, мысалы, 10%;

-Бөлшектік (Дробный) бөлшектік мәндерді енгізу үшін, мысалы, 1/2;

-Экспенсионалдық (Экспоненциальный) экспенсионалдық мәндерді енгізу үшін, мысалы, 2,00Е+00;

-Мәтіндік (Текстовый) мәтіндік мәліметтерді енгізу үшін.

11.2-сурет. Ұяшықты пішімдеу сұқбат терезесі


Туралау (Выравнивание) бетінде ұяшықтағы мәліметтерді көлдең және тік бойынша ортаға және т.б. туралауға болады. Ол үшін көлденеңінен немесе тігінен өрістеріндегі керегін таңдаймыз. Сонымен қатар, ұяшықтағы мәліметтерді астына түсіріп, бір ұяшыққа сыйдырып жазуға болады. Ол үшін сөзді астына түсіру (переносить по словам) өрісінде жалауша қоямыз. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды ерекшелеп алып, ұяшықтарды біріктіру (объединение ячейки) өрісіне жалауша қоямыз. Сонымен қатар, ұяшықтарды біріктіру үшін Басты (Главная) бетіндегі ұяшықтарды біріктіру батырмасын пайдалануға да болады. Ұяшықтағы мәліметтерді тігінен немесе градус бойынша бағытын өзгертіп жазуға болады. Ол үшін бағыт (ориентация) өрісінен керек градусты енгіземіз.

11.3-сурет. Ұяшықты пішімдеу сұқбат терезесі


Шрифт бетінде ұяшықтағы мәліметтердің шрифтінің түрін, көлемін, түсін және т.б. өзгертуге болады. Сонымен қатар, шрифті пішімдеу үшін Басты (Главная) бетіндегі құралдарды да пайдалануға болады.

11.4-сурет. Ұяшықты пішімдеу сұқбат терезесі


1-тапсырма. Төменде берілген тапсырманы бағаналарының атына сәйкес пішімдеңіз.

11.5-сурет.


2-тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз. В5 және B6 ұяшықтарына Числовой форматын, В7 ұяшығына Время, В8 және В9 ұяшықтарына Числовой форматын пайдаланыңыз.

11.6-сурет.


3-тапсырма. Төменде берілген тапсырманы орындаңыз. C, E және G бағандарына Процентный форматын пайдаланыңыз.

11.7-сурет.

12 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде функцияларды пайдалану
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесінде математикалық, статистикалық және логикалық функцияларды пайдалануды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Күрделі есептеулерді шешуді жеңілдету үшін Microsoft Excel электрондық кестесінде функциялар бар. Олардың бірнеше категориясы бар:



Қаржылық

Күн және уақыт

Математикалық

Статистикалық

Сілтемелер және массивтер

Мәліметтер қорымен жұмыс

Мәтіндік

Логикалық

Инженерлік
Функияны қою үшін керек ұяшықты ағымды етіп аламыз. Лентадан Формулалар (Формулы) ашамыз (12.1-сурет). батырмасына немесе формула қатарындағы батырмасына басамыз. Функция шеберінің терезесі пайда болады. Функция шебері екі қадамнан тұрады. Функция шеберінің бірінші қадамында функцияның категориясы мен түрін таңдаймыз. Функция шеберінің екінші қадамында функцияның аргументтерін енгіземіз.

12.1-сурет. Формулалар беті


Математкиалық функциялар.


Жиі кездесетін стандартты функциялар

Функциялардың Excel де жазылуы

cosx

cos(x)

sinx

sin(x)

tgx

tan(x)

ex

exp(x)

xn

x^n

|x|

abs(x)

lnx

ln(x)



КОРЕНЬ(Х)


Каталог: uploads -> doc -> 05e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e6 -> Сабақтың тақырыбы: «Аққала» Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру
05e6 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Кітапхана сөзіне топтастыру. Жаңа сабақ
05e6 -> Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттiк Туы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет