№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет12/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

1-тапсырма. Кестеде берілген мәліметтер бойынша диаграмма құрыңыз. 9.8-суреттегідей нәтиже алыңыз.





1-семестр

2-семестр

Үздіктер

8

13

Екпінділер

12

11

Үлгерушілер

7

3


9.8-сурет.


2-тапсырма. Компьютер құрылғыларын сатудан түскен пайдаға диаграмма құрыңыз. Мәліметтер кесте берілген. 9.9-суреттегідей нәтиже алыңыз.





Пайда

Монитор

700

Принтер

500

Сканер

600

Жүйелі блок

400


9.9-сурет.


Диаграмманың өзге түрлерін құру үшін Қою=>SmartArt (Вставка=>SmartArt) клмандаларын орындаймыз. Экранда Диаграмма кітапханасы (Библиотека диаграмм) сұқбат терезесі пайда болады. Мұнда диаграмманың төмендегідей типтері бар (9.10-сурет):

- Ұйымдастырылған диаграмма (Организационная диаграмма);

- Циклдік диаграмма (Циклическая диаграмма);

- Радиальді диаграмма (Радиальная диаграмма);

- Пирамидалық диаграмма (Пирамидальная диаграмма);

- Венна диаграммасы (Диаграмма Венна);



- Мақсаттық диаграмма (Целевая диаграмма).

9.10-сурет.


Ұйымдастырылған диаграмма таңдайық. Лентада Ұйымдастырылған диаграммамен жұмыс беті пайда болады (9.11-сурет).

9.11-сурет.


Жұмыс алаңында 9.12-сурет пайда болады. Диаграммаға өзгеріс енгізу үшін 9.11-суреттегі батырмаларды пайдаланамыз.

9.12-сурет.


Диаграмманың стилін таңдау үшін 9.11-суреттегі Стиль батырмасын басамыз. Экранда Ұйымдастырылған диаграмманың стилінің кітапханасы (Библиотека стилей организационных диаграмм) сұқбат терезесі пайда болады (9.13-сурет).

9.13-сурет.


Ұйымдастырылған диаграмманың макетін таңдау үшін 9.11-суреттегі макеттің керек түрін таңдаймыз. Мысалы Екіжқты (Двухсторонний).

Диаграммаға көмекші және т.б. мәліметтер қосу үшін 9.11-суреттегі мына батырмаларды пайдаланамыз.
3-тапсырма. ҚазҰПУ туралы мәліметтерге ұйымдастырылған диаграмма құрыңыз.

9.14-сурет.


10 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесімен танысу, формуламен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel электрондық кестесі туралы мағлұмат. Мәлiметтердi енгiзу және редакциялау. Автотолтыру. Сан форматтары. Баған және жол қосу. үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Microsoft Excel электрондық кестесі математикалық амалдарды пайдалана отырып есептеулер жүргізуге, дайын функцияларды пайдалананып күрделі есептерді шешуді жеңілдетуге, түрлі диаграммалар тұрғызуға, мәліметтер қорын құрып, олармен жұмыс істеуге, сандық эксперимент жүргізуге болатын программа.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Программаны іске қосу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаңыз: Бастау => Бағдарламалар => Microsoft Office => Microsoft Excel (Пуск => Все программы => Microsoft Office => Microsoft Excel).



Бағдарламаны іске қосқаннан кейін төмендігей терезе пайда болады:

10.1 – сурет. MS Excel 2007 мәтіндік редакторының терезесі


MS Excel 2007 электрондық кестесінің терезесінің сипаттамасы:

1. Терезенің сол бұрышында “Office” түймешесі орналасқан. Бұл түймешеде жаңа құжат құру, құжатты ашу, сақтау, баспаға жіберу және т.с.с командалар бар (10.2-сурет).

10.2-сурет.Office” түймешесі


2. Терезенің келесі қатарында мәзір лентасы орналасқан. Әрбір мәзірде қызметіне қарай топтастырылған батырмалар бар. Оның қандай да бір пунктін таңдау арқылы біз таңбаша түрінде берілген қажетті құралдарды аламыз (10.3-сурет).

10.3-сурет. Мәзір лентасы


3. MS Office 2007-нің барлық қосымшаларында бас менюдің лентасы мен астарлы бетінен басқа жылдам қызмет панелі бар. Ол лентаның жоғарғы жағында "Office" түймешесінің жанында орналасқан. Онда жиі орындалатын операциялар бар (10.4-сурет).

10.4-сурет.


4. Одан кейін формула қатары орналасқан. Формула қатарында ұяшыққа енгізілген мәліметтерді көруге болады (10.5-сурет).

10.5-сурет. Формула қатары


5. Жұмыс алаңы бағаналар мен қатарлардан тұрады. Бағаналар латынның бас әріптерімен белгіленген. Мысалы, A, B, C,…, XFD. Қатарлар араб сандарымен белгіленген. Мысалы, 1,2,3, …, т.с.с. Бағана мен қатардың қилысқан жерін ұяшық дейміз. Әрбір ұяшықтың өзінің адресі бар. Мысалы, А1, В3 және т.б.

6. Ең соңғы қатар қалып күй қатары деп аталады (10.6-сурет).


10.6-сурет. Қалып –күй қатары


Microsoft Excel электрондық кестесін іске қосқанда қалыпты жағдайда кітапта 3 бет болады. Кітапқа бет қосу үшін бет жанындағы жұлдызшасы бар Бет қою (Вставить лист) таңбашасына немесе Shift + F11 батырмаларана басамыз.

Microsoft Excel электрондық кестесіне мәліметтердің 3 типін енгузге болады. Олар: мәтін, сан және формула. Формула енгізу үшін міндетті түрде тең батырмасына (=) басамыз. Керек формуланы енгізіп, Enter батырмасына басамыз.

Бағананың енін өзгерту үшін бағана тақырыптарының ортасын тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып созып үлкейтеміз немесе керегімізше кішірейтеміз. Осылай қатарлардың ұзындығын өзгертеміз.

Ұяшықтың 3 түрлі адресі бар. Олар: салыстырмалы, абсолюттік және аралас.



Салыстырмалы адрес. Салыстырмалы адрес ішінде формуласы бар ұяшыққа салыстырмалы орналасуына негізделген ұяшыққа мезгейді. Салыстырмалы адресті көшірген кезде ол өзгеріп, ұяшықтың ішіндегісі ауысады. Салыстырмалы сілтеме баған әріптері мен жол санынан тұрады, мысалы, А1, В3, С14 және т.б.

Абсолюттік адрес. Абсолюттік адрес деген – мәні абсолютті болып қалатын, басқаша айтқанда, көшіру барысында ұяшықтың ішіндегі мәні өзгермейтін адрес. Мұндай адрестің ішінде екі $ (доллар) таңбасы бар. Абсолюттік адресті табу үшін F2 пернесін басу арқылы ұяшықты редакциялау режіміне кіріп, абсолюттік болдырғыңыз келген адрестің тұсына

меңзерді әкеліп, F4 пернесін басыңыз. Абсолюттік адрес $A$1, $E$4 және т.б. түрінде жазылады.



Аралас адрес. Аралас адрес дегеніміз – жартылай абсолютті ұяшықтың адресі, мәселен, $E1 – баған бойынша, ал A$2 жол бойынша абсолютті. Аралас адрестің бір $ (доллар) таңбасы бар. Адресті аралас ету үшін F4 пернесін қайта басыңыз.


Информатика зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал №1 зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы:
Барлығы 98

Каталог: uploads -> doc -> 05e6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e6 -> Сабақтың тақырыбы: «Аққала» Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру
05e6 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Кітапхана сөзіне топтастыру. Жаңа сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет