1 зертханалық жұмысы Тоғысқан жазық күштер жүйесін зерттеу Жұмыс мақсаты



бет11/15
Дата19.04.2020
өлшемі5,41 Mb.
#63056
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
zerthana zhum s (1)

3 Зертханалық жұмыс

Арқалықтың тіректер рекцияларын табу

Жұмыс мақсаты:

  1. Берілген арқалық үшін әсер етуші күштерді салу.

  2. Берілген арқалықтыкелтірілген байланыстардан босатып, оларды реакцияларымен алмастыру, яғни есептеу сұлбасын салу.

  3. Арқалыққа түсірілген күштер мен байланыстар реакцияларын пайдаланып тепе-теңдік теңдеулерінің үш түрінің ыңғайлы түрін пайдалану.

  4. Табылған шешімдерді тексеру теңдеуін құрып, тексере білу.

  5. Бір шеті қозғалмайтын, екінші шеті қозғалатын топсалы тіректермен бекітілген арқалыққа тәжірибе арқылы:

Арқалыққа әсер етуші күштерді салу

Табылған реакцияларды анықтау



  1. Тәжірибе арқылы анықталған нәтижелерді саралай білу керек.

  2. Есептелген шамалар мен тәжірибе арқылы анықталған нәтижелерді салыстыру және орындалған жұмыс жөнінде қорытынды шығару.


Жұмыс мазмұны:

Жұмысшы орындаған кезде берілген арқалыққа қадалған, таралған күштермен қос күштерді құрылым арқылы түсіре білу. Тіректерде пайда болатын реакция күштерін анықтау үшін ыңғайлы тепе-теңдік теңдеулерін құра білу керек.



Құрал-жабдықтар:

«Арқалықтың тіректер реакцияларын табу» үшін арналған тәжірибиелік оқу қондырғысы НТЦ-13.01.2 (3.1 – сурет)

3.1 – кесте



реті


Атауы

Мөлшері

1

Тензометриялық тіректерімен қоса негізі

1дана

2

Консолды арқалық

1 дана

3

Көлденен орналастыратын арқалық

1 дана.

4

Білеу 051 кг

4дана

5

Жүк 0,01 кг

8дана

6

Жүк 0,02 кг

4 дана

7

Жүк 0,051 кг

4 дана

8

Өлшегіш құрылғы

1 дана

9

Тіктеуіш (уровень)

1 дана

10

Сызғыш

1 дана

11

Транспортир

1 дана

12

Негіз

1 дана

13

Ілгіш

4дана

14

Трос

4 дана

15

Кернейлі кілт 10

1 дана

16

Қысқа сүмбі

2дана

17

Ұзын сүмбі

1дана

18

Әмбебап отвертка

1дана.


3.1 – сурет

1 – негіз, 2 – консолды арқалық, 3 – көлденен орналастыратын арқалық, 4 – білеу, 5 – жүк, 6 – қозғалмалы блок
Есептің берілу реті:

Жұмыс туралы есеп келесі ретпен берілуі тиісті:



  • Арқалықтың тіректер рекцияларын табу туралы жұмыстын атау мен мақсаты;

  • Қысқаша теориялық мағлұматтар;

  • Зертханалық қондырғының сұлбасы;

  • Орындалған есептеулер мен тәжірибелердің нәтижесі;

  • Бақылау сұрақтарға жауаптар;

  • Қорытынды.

Қысқаша теориялық мағлұматтар

Жазық күш жүйесінің тепе-теңдігінің түрлері.

Статика есебін шешкен кездеқарастырылып тұрған дене тыныштықта болады деп саналады, сондықтан бірінші аксиома бойынша оған теңгерілген сыртқы күштер жүйесі әсер етеді.Яғни, егер жазық күштер жүйесі әсерінен дене тепе-теңдікте болса, онда жүйенің бас векторы-Rжәне бас моменті – М0 нөлге тең болуы тиіс.

Еркін орналасқан жазық күштер жүйесіне тепе-теңдік теңдеулердін үш түрін қарастырамыз.



Тепе-теңдіктің теңдеулердің бірінші түрі жазық күштер жүйесінін тепе-теңдікте болуының қажетті де жеткілікті шартынан тікелей шығады.

Егер жазық күштер жүйесінің бас векторының екі өзара перпендикуляр остерге проекциялары нөлге тең болса, онда, тек сол жағдайда бас вектор нөлге тең болады, яғни деген теңдіктен шығады:



және.

Бас момент нолге тең келесі жағдайда, егер



.

Сонымен, жазық күштер жүйесінін тепе-теңдік теңдеулерінің бірінші түрі, келесідей болады:



(3.1)

Осыдан келесі қорытынды шығады: егер жазық күштер жүйесі теңгерілген болса, онда барлық күштердін , өстеріндегі проекцияларының алгебралық қосындысы нөлге тең, және кез келген нүктеге қатысты барлық күштердін моменттерінің алгебралық қосындысы да нөлге тең болады.



Тепе-теңдіктеңдеулердің екінші түрі шығады,егер бірмоменттер теңдеуі орнына екі моменттер теңдеулері құрастырылса, мысалы және сонымен қоса кез келген өске проекциялар теңдеуі алынса. Мұнда алынатын өс алдынғы екі теңдеудегі А және В моменттер центрларынан өтетін перпендикулярлы түзу болмауы тиісті. Кері жағдайда теңдеулер жүйесі тепе-теңдік шартына сәйкес келмейді.

3.2 сурет



Күштер жүйесі теңгерілмеген, ал А және В нүктелері теңәсерлі күштін әсер етуші сызығында жатыр деп жорамалдаймыз (3.2 сурет). Бұл жағдайда А және В нүктелеріне қатысты күштер моменттерінің қосындысы да, АВ түзуіне перпендикулярлы өсіне күштердін проекцияларының алгебралық қосындысы да нөлге тең болады.

Сонымен, егер моменттер үшін А және В нүктелері өсінде алынса, онда проекциялардын алгебралық қосындысын осы өске алған орынды және тепе-теңдік теңдеулердің екінші түрі келесі түрде болады:

(3.2)

Сонымен, жазық күштер жүйесі әсерінен дене тепе-теңдікте болады, егер күштердің кез келген екі нүктеге қатысты моменттерінің алгебралық қосындысы және бұл екі нүктеден өтетін түзуге перпендикуляр емес өске күштердін проекцияларының алгебралық қосындысы нөлге тең болса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет