1 зертханалық жұмысы Тоғысқан жазық күштер жүйесін зерттеу Жұмыс мақсаты


Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігінің үшінші түрін табу үшін



бет12/15
Дата19.04.2020
өлшемі5,41 Mb.
#63056
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
zerthana zhum s (1)


Жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігінің үшінші түрін табу үшін кез келгенА және В нүктелеріне қатысты күштер моменттерінің екі теңдеулеріне АВ түзуінде жатпайтын С нүктесіне қатысты тағы бір күштер моменттерінің теңдеуін алу керек:

(3.3)

Яғни, егер жазық күштер жүйесі теңгерілген болса, онда бір түзудін бойында жатпайтын кез келген үш нүктелерге қатысты барлық күштердін моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болады.



Дербес жағдайда денеге теңгерілген параллелді күштер жүйесі келтірілуі мүмкін, онда координаттар өстерін ынғайлы орналастырып (мысалы, өсін күштерге перпиндикулярлы, ал өсін оларға параллелді) (3.1) теңдеулерден, екенің ескеріп, екі тепе-теңдік теңдеуін аламыз:

(3.4)

Егер жазық параллель күштер жүйесі теңгерілген болса, онда күштерге параллелді өске күштердін проекцияларының алгебралық қосындысы және кез келген нүктеге қатысты барлық күштердін моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болады.

А және В моменттер цетрлерін күштер бағытына параллелді түзуге орналастырып, (3.2)теңдеулерінен жазық параллель күштер жүйесінің тепе-теңдік теңдеулерін шығарамыз:



(3.4)

Осындай нәтижеге, (3.3) теңдеулерге негізделіп, үш моменттер центрлерінен, мысалы В және С нүктелерін күштерге параллель сызықта алсақ жетеміз, себебі осы нүктелер арқылы алынған моменттер теңдеулері ұқсас болады.

Сонымен, егер жазық параллель күштер жүйесі теңгерілген болса, онда күштердін әсер ету сызықтарына параллель емес түзулерде жататын кез келген екі нүктелерге қатысты барлық күштердін моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болады.

Келесіге назар аударыныз:жазық параллель күштер жүйесіне екі тепе-теңдік теңдеулері құрастырылады, яғни, есептін шешімі болу үшін, белгісіздер саны екеуден аспау керек.


Арқалықтар жүйесі. Тірек түрлері және жүктеме түрлері

Статика есептерінің объектісі ретінде көбінесе арқалықтар немесе арқалықтар жүйесі қарастырылады. Арқалық берілген құрылымның белгілі бір бөлшегі, көбінесе екі (оданда көп) тіректерге бекітілген және тік вертикальдық жүктемелермен жүктелген тікбілеу.



Өткен тақырыптан жазық күштер жүйесіне үш тепе-теңдік теңдеулері жазылатыны белгілі, сондықтан тірек реакциялар саны үштен аспауы тиіс. Осындай жағдайда есеп статикалық анықталған деп саналады. Мысалы, арқалық статикалық анықталған, егер ол үш өзара параллель емес топсалы бекітілген сырықшалар арқылы керілген болса (3.3а сурет); бір тірегі қозғалмайтын топса, екіншісі қозғалатын топсаболса (3.3б сурет); бір шеті екі тегіс бетке, екі шеті бір тегіс бетке сүйенген де (3.3в сурет),(3.3г сурет); бір шеті қабырғаға қатырылған жағдайда, неме арнайы құрылғымен қармалған болса (қатан бекіту) (3.3д сурет). Алдыңғы төрт жағдайда арқалыққа күштердін әсері үш тірек реакцияларымен теңгеріледі (3.3а,б,в,г – сурет). Қатан бекітпеарқалықтын ілгерімелі қозғалысына және барлық бағытта айналуына кедергі жасайды. Сондықтан, бекітпеде (;) реакциясымен қоса арқалықтын бұралуына карсыласатын – реактивті момент пайда болады (3.3 д сурет).

3.3 сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет