Зертханалық жұмыстарға алдын ала
дайындық.
Алдымен лабораториялық жұмыстың түсіндірмесін толық оқып, жұмыстың негізгі идеясын, оның мәнісін, негізгі бөлігін бөліп алатындай болу керек. Қайта оқығанда теориялық мағлұматтарға көңіл бөліп, оны жазып алу керек. Теориялық мағлұматтар лабораториялық жұмыстардың көмекші оқу құралдарына қысқаша жазылады. Сондықтан тереңірек түсіну үшін түсіндірмеде көрсетілген әдебиеттерді оқу керек.
Зертханалық жұмысты орындау.
Лабораториялық жұмыстың теориясын, негізгі мақсатын анықтап алған соң жұмысты орындауға кірісу керек. Бұл уақытта лабораториялық жұмыстың түсіндірмесінде көрсетілген приборларды жұмыс столында барма, бар болса, толық па осыны анықтап алу керек. Жетпейтін құралдарды сұрау керек. Енді құралдармен танысып оның бүлінген бүлінбегенін анықтау керек. Егер прибор бүлінген болса мұғалімге хабарлау керек. Осыдан кейін тәжірибе жоспарын жасап, оны мұғалімге көрсетіп алу керек. Жұмысты орындауға кіріскенде мына кеңесті есте ұстау керек.
Жұмыс орны өлшеулер жүргізуге ыңғайлы болу керек. Жұмыс қондырғысының активті элементтері қол жетерлік жерге қойылған жөн, пассивті элементтерді активті элементтермен жұмыс істегенде бөгет жасамайтындай орналастырып техникалық қауіпсіздік жағын ескеріп жұмысқа кірісуге болады.
Егер лабораториялық жұмыста электрлік схема болса, оларды жиып жалғастырып болған соң, мұғалімге көрсеткен соң ғана ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Мұғалімге көрсетпей, олардың рұқсатын алмай ток көзіне қосуға болмайды. Бұл ережені бұзған оқушыны лабораториялық жұмысты орындауға жіберуге болмайды.
1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.
2. Электр шамының кедергісін анықтау үшін оқушы электр тізбегін құрады. Кернеуі 220 В тізбек тұйықталғанда амперметр 0,5 А-ді көрсетті. Шамның кедергісі неге тең?
3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін қандай кернеу түсіру керек?
4. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 65 мм2 болатын мыстан жасалған трамвай өткізгішінің кедергісін есептеңдер. ( 0,017 ).
5. Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия (А) шығындалған. Шамдағы ток күшінің неге тең екенін анықтаңдар.
6. Шамдар бірдей кернеуге есептелсе, онда олардың қайсысының қылсымының кедергісі көп: қуаты 50 Вт шамның ба, әлде қуаты 100 Вт шамның ба?

1. Тізбектегі ток күші 0,012 А болса, оған 2 мин қосылған гальванометр орамынан өтетін электр мөлшері қандай?
2. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?
3. Амперметрдің паспортында кедергі 0,1 Ом деп көрсетілген. Амперметр 10 А ток күшін көрсетсе, оның қысқыштарындағы кернеуді анықтаңдар.
4. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2, ұзындығы 8 м константан сымының кедергісі неге тең? ( ).
5. Қуаты 100 Вт электр двигателі 6 В кернеуде жұмыс істейді. Электр двигателіндегі токтың күшін анықтаңдар.
6. Бір электр шамының цоколінде 220 В, 25 Вт, ал екіншісінің цоколінде 220 В, 200 Вт деп жазылған. Қай шамның кедергісі көп және неше есе көп?

1. Электр плитасы жарықтандыру желісіне қосылған. Егер плитаның спираліндегі ток күші 5 А болса, оған 10 мин қосылған бауындағы заряд қандай?
2. Егер электр плитасының спиралінің жұмыс уақытындағы кедергісі 24 Ом болса, онда кернеуі 127 В тізбекке қосылған осы плитаның спираліндегі ток күші неге тең болады?
3. Ток күші 0,4 А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.
4. Егер Алматы мен Жамбылдың ара қашықтығы 650 км болса, ал осы қалалардың арасына тартылған телеграф сымы көлденең қимасының ауданы 10 мм2 темір сымнан жасалса, онда осы телеграф сымының кедергісі қандай?
( )
5. Электр трактордың қуаты 38 кВт. Егер трактор 1000 В кернеуде жұмыс істесе, онда оның электр двигателінің тұтынатын ток күшін анықтаңдар.
6. Екі электр шамының қуаты бірдей. Бұлардың бірі 110 В-қа, ал екіншісі 220 В-қа есептелген. Шамдардың қайсысының кедергісі көп? Неше есе көп?

Физика 8 класс
Достарыңызбен бөлісу: |