1-Зертханалық сабақ


Улы заттармен жұмыс жасау тәртібі



бет3/8
Дата08.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#118606
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 зертхана Химиялық технология

Улы заттармен жұмыс жасау тәртібі.
Металл натрий мен калий құрғақ керосин мен кселолда сақталуы тиіс. Металл натрийімен жұмыс жасау кезінде үстелде су тамшылары болмауын қадағалау қажет. Натрийіді құрғақ ақ қағаз бетінде көзілдірік пен қолғап киіп кесу керек. Жұмыс аяқталғаннан соң қалған қолданылмаған натрийдіыдысына салып лаборантқа өткізу қажет.
Натриймен жұмыс жасау барысында қолданылған ыдысты жумас бұрын ішінде натрийдің кішкентай да бөлшегі қалмағанын тексеру керек натрийдің қолданылған майда бөлшектерін этил немесе пропил спиртінде жою керек.
Концентрлі қышқылдар мен сілтіні араластыру тартпа шкафтың астында қалын қабырғалы шыны ыдыста жүргізіледі ( арнайы қолғап пен көзілдірік болуы керек ).
Араластыру қышқыл немесе сілтіні суға ақырындап құю арқылы жүзеге асады.Суды қышқылға құюға қыздыруға және сумен сырттай суытуға тыйым салынады.
Улы немесе тыныс алу жолдарына зияны бар заттармен, мысалы хлор, бром, күкірт газы, азот оксиді, күкіртсутек және т.б. заттармен тартпа шкафта жұмыс жасап тартпа шкафтын жұмыс жасап тұрғаның тексеру керек. Зертханада қажетіне байланысты противогаз болуы тиіс.
Броммен жұмыс жасау барысында бромның көздің жас қабықшасына әсер ететін және ұзақ жазылмайтын күйіктер қалдыратының ескере отырып, аса сақтықпен жұмыс жасау қажет. Барлық бром жұмысын тартпа шкафтың желдеткішін тексеріп, тартпа шкафта жасау керек. Бромның үлкен көлемін құю кезінде резенке қолғап қолдану керек. ( көзді бром буынан сақтау керек ). Броммен күйген жағдайда күйген жерді натрийтиосульфатымен немесе спиртпен емдеу керек.
Металл сынаппен жұмыс жасау кезінде өте сақ болу қажет, себебі ол токсинди болып табылады. Сынап буы организмде тыныс алу жолдары арқылы тікелей өкпеге барады. Енген сынаптың негізгі мөлшері қан арқылы жүрек, бауыр, бұйрек және миға барып тоқталады. Сынап буының организмге енуі көптеген ауруларға әкеп соғады. Сынап буының ауадағы шекті концентрациясы 0,01 мг/м³ . Ауадағы сынап буының мөлшері зертханада сынап бар затты төгіп алса көбейеді.
Сынаптың қыздырылған тұрі өте зиянды, себебі оның беріктілігі температура көбейген сайын ұлғайады: 0ᴼ оның мөлшері 1,8*10 мм. С.б. , ал 50ᴼ с – 13,8 мм с.б.
Төгілген сынапты тез арада қалың қабырғалы құтыға су астына жинау керек, ал төгілген жерін дегаздап өңдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет