Жұмыс орнын тазалықта ұстау қажет.
Зертханада жалғыз жұмыс жасауға тыйым салынады. Зертханадан шығарда газ, су , электр тоқ көзін сөндіріп кету қажет.
2. Шыны ыдыстармен жұмыс жасау ережелері.
Шыны ыдысты дұрыс қолданып, дұрыс жуу химиктің жұмыс жасауына қажет. Ыдыс жуар алдында ыдысты қандай затпен ластанғанын білу қажет қандай әдіспен және құралмен жууды анықтау үшін. Ыдыс жууға ыстық және суық су, су буы, соданың, сілтінің, қышқылдың сулы ерітіндісі, 3 % калий перманганаты ерітіндісі, тұз қышқылының 6 % ерітіндісі және 6 % сутегінің асқын тотығы, органикалық ерткіштер (күкірт эфирі, ацетон, спирт, бензин, скипидар және т.б.) және механикалық құралдар щеткалар, қағаз және т.б.
Шайырмен ластанған шыны ыдысты алдымен органикалық еріткішпен, кейін хром қоспасымен немесе сумен жуады (құбыр немесе дистелденген).
Ыдысты құммен, сынған шынымен немесе фарформен жууға тыйым салынады. Бұл жағдайда ыдыс жақтауында сызықтар пайда болып, оның беріктігі кемиді.
Приборларды құрастырар кезде шлифтардың қысқышының арасында резина төсеніштер мен шлиф бірігу жерінде перекос болмауы тиіс.
Шыны труба мен таяқшаларды кесу кезінде оларға алдымен арнайы пышақпен немесе кескішпен із салады.
Кесілген трубаны жалынға апарып, содан сон суға салып, глицерин немесе вазелинмен, тығын орнына салады. Осылайша шыны термометр тығыны салынуы тиіс.
Қалың шынылы үлкен стакандарды (іші сұйықтыққа немесе затқа толы) екі қолмен ұстау қажет.
Егер стаканды ыстық заттар мен ерітінділер болса, оны алдын ала кептіріп, құрғақ сүлгімен ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |