- Огюст Конт индустриалды қоғам теориясы мен өнеркәсіптің адам мен мәдениетке ықпал етуін зертеуді дамытады. Өнеркәсіптің дамуы адамның өмір сүруін жақсартып қана қоймай, тұлғаны өзгертіп, әлеуметтік тәртіпті бұза да алады.
- Карл Маркс, «жаттану» терминін енгізеді. Ол адамдар өз табиғаты бойынша азат, қатынасқа және жасамапаздыққа бейім деп санайды. Алайда, олар бұл қасиеттерден таптық қоғамда айырылады. Бұл қосымша құнға байланысты өзгереді.
- Герберт Спенсер назарын әлеуметтік даму мен әлеуметтік эволюция мәселелеріне аударды.
- Фердинанд Тённис Gesellschaft (заманауи қоғам) Gemeinschaft (дәстүрлі қоғам) қоғамдарын салыстырады.
- Э.Дюркгейм шешуші рольді жеке меншікке, бәсекеге, еркін кәсіпкерлікке емес, адамдардың ынтымақтастығы мен бірігуіне, әлеуметтік қатынастар мәдениетіне, әлеуметтік ұйымшылдыққа береді.
- Макс Вебер, «дәстүрлі» қоғамды «капиталистік» қоғамға қарсы қояды. Капитализм бұл – “пайданың соңына ұдайы түсу” мен “еркін жұмыс күші нарығының тиімді ұйымдастырылуы”.
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары: - 1. Жалпығылыми категориялар – құрылым, жүйе, қызмет, тұрақтылық, өзгергіштік, даму және т.б.
- 2) Жалпы әлеуметтік категориялар, өзге әлеуметтік ғылымдардан алынған.
- Экономикалық теориядан – нарық, өндіріс, тұтыну, бөлу, меншік, бәсеке, айырбас және т.б.
- Философиядан – қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, заңдылықтар, мәдениет.
- Әлеуметтік психологиядан – ұжым, тұлға, мотивация, идентификация;
- Жалпы әлеуметтанудан – әлеуметтік қатынастар, топтар, ұйымдар, институттар, әлеуметтік құрылым және стратификация және т.б.;
- 3) Арнайы категориялар – экономикалық әрекет, шаруашылық мотивация, экономикалық стратификация, экономикалық мүдделер, стереотиптер, келісім-шарттық қатынастар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |