№10 дәріс Модуль Грамматика және оның салалары Дәрістің тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі253,26 Kb.
#94063
1   2   3
Байланысты:
10- Қазақ тіл білімі ғылымына кіріспе ¦ — копия

Диалект
- (грек. - сөйлеу, лебіз наречие) - тығыз территориялық, 
әлеуметтік не профессионалдық қатынаста болатын адамдар қолданатын 
тілдің бір түрі. Д. Басқа Д. - ге қарама - қарсы болса да, олардың жалпы 
ұқсастықтары көп болады. Территориялық Д. Ерекшеліктері дыбысталуында, 
грамматикасында, сөзжасам мен лексикасында өз көрінісін табады мыс, түркі 
не славян тілдеріндегі Д - де сөйлейтін адамдар бірін - бірі түсіне алады, ал 
кейбір тілдерде (неміс, қытай, хинди) Д. - де сөйлейтіндер бірін - бірі түсінісе 
алмауы ғажап емес. 
Диалектология тарихында Д. әр түрлі диалектологиялық мектептерде әр 
кезеңде әр түрлі қарастырылады. ХХғ. басында роман диалектологиясында 
(Г.Шухгарт, П.Мейер, Г.Парис) Д. Болуын жоққа шығарған. Олардың 
пікірінше, жеке диалектілік құбылыстар мен картада олардың шекаралары 
(изоглосстар) ғана бар. Оларды бөліп, жеке бірлік ретінде қарастыруға 
болмайды. Ал неміс және швейцар диалектологтары (Ф.Вреде, К.Хааг, 
Т.Фрингс, Л.Гоша)Д. өзегі мен перипериясы бар екенін дәлелдеп береді. 
Қазіргі диалектология лингвистикалық география жетістіктеріне сүйене 
отырып, Д. тілдің бір түрі ретінде танып, оны сипаттау және басқа Д. - мен 
салыстыру принциптерін жасады. Д-ні бөліп қарастыруда тілдік ландшафты 
ғана емес, сонымен қатар материалды -рухани мәдениетті, тарихи- мәдени 
дәстүрлерді, этникалық ойсананы т.б. ескеру қажет (Р.Аванесов) болады. 
Тілді Д - ге бөліп қарастырудың күрделілігін ареалдық атаулардан да 
байқауға болады. Олардың ең жиі кездесетіндері: говорлар тобы - 
элементарлы, ең кіші ареалдық бірлік; наречие - тілдегі ең ірі диалектілік 
бірлік; диалектілер жиынтығы; диалектілік зона - диалектілік құбылыстар 
тараған территория. Ғылыми әдебиетте «Д» . термині осы аталған ареалдық 
бірліктердің және говор терминінің синонимі ретінде пайдаланады. 
Жақын туыстығы бар тілдердің шекарасындағы Д. біреуіне жатқызу оңайға 
түспейді. Бұл жерде шешуші этникалық фактордың (біртұтас ой- сананың 
және тіл иелерінің өздерін атауы) маңызы зор. Бір Д. негізінде әдеби тілдің 
қалыптасуы ұлттың қалыптасуымен бірге басталады. Ол үшін Д. - басты 
саяси, эканомикалық, мәдени, діни орталықтың Д. - сі болуы қажет. Мыс, осы 
әдеби тіл - мәскеулік Д. негізінде, француз -париждік, ағылшын- лондондық, 
испан- мадридтық, чех - прагалык, қытай- пекиндік, жапон- токиолық, өзбек- 
ташкент, перганалық, әзербайжан, бақышемахалық диалекттілер негізінде 
қалыптасты. Ал, басқа Д. бірте- бірте өз дербестігін жояды. Егерде 
мемлекеттің орталығы ауысып кеткен жағдайда, онда диалектілік база да 



ауысып кетеді. Мыс, нидерланд, словак, түрік әдеби тілдері. Сонымен қатар, 
әдеби тілдің екі түрі де болуы мүмкін ( мыс ., албан, армян, украин тілдері). 
Әлеуметтік Д. - белгілі әлеуметтік топтардың тілі. мыс, лексикалық 
ерекшеліктері бар кәсіби тілдер (аңшылар, балықшылар етікшілер т.с.с), 
топтық немесе корпоративті жаргон мен сленг (оқушылар, студенттер, 
спартсмендер, солдаттар т.с.с), құпия тіл, арго (азғындаған элементердің
саудагерлердің тілі т.б.). Тілдегі әлеуметтік ерекшелену мәселелерін 
әлеуметтік лингвистика зерттейді. 
М. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі, 1996 ж.; т.б. Сөздік - 1) лексика; 
тілдің диалектінің, әлеуметтік топтың, жазушының т.б. сөздік қоры. 2) 
Сөздердің (морфемаларды, сөз тіркестерді, идиомаларды) ретімен келтіріп, 
оларға түсінік беретін анықтамалық кітап. Рухани мәдениетте С.-тің рөлі өте 
зор, өйткені онда қоғамдағы білімнің барлығы өз көрінісін табады. С. 
әлеуметтік қызметтерді атқарады: ақпараттық, байланыс, нормативті т.б. С. 
ерте замандарда пайда болған, оның негізгі түрі - түсіндірме С. Мазмұнына 
байланысты: энциклопедиялық және бүкіл сөздерді қамтитын- тезаурустар 
болды. Арнайы С-ке жататындар: этимологиялық, сөзжасамдық сөз 
тіркестері, грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, синонимдер, 
антонимдер, омонимдер, паронимдер, фразеологиялық т.б. С. болды. С-тің 
негізгі қызметі: тіл лексикасын бейнелеу және сөздерді түсіндіру. 
Қазақ тілінің негізгі сөздіктері: М.Қашқари «Дивани луғат-әт түрк» (1069 
ж.); Кодекс -Куманикус (қыпшақ тілі сөздігі (XIII ғ.); Терджуман Туркий уа 
ғараби (1245) (қыпшақ тілінде); Китабу ат- тухфати аз-занийя фил- лугати ат-
туркия (XIV ғ.); Скалон сөздігі, 1774 ж; Г.Клапрот французша -қазақша 
сөздік, 1825 ж; Е.Букин Орысша-қазақша және қазақша -орысша сөздік, 1883 
ж; Қазақша- орысша сөздік, 1897 ж; Ж.Көшербаев «Краткий русс.-киргиз. 
Дорожник со словарем», 1906 ж.; Т.Бокин Қазақша- орысша сөздік, 1913 ж.; 
Х.Махмудов, Ғ.Мүсабаев Казахско - русский словарь, 1954 ж.; Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігі, 1-2 т., 1959-1961 жж.; Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1-
10т., 1974-1986 жж.; Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі, 1969, 1996 (1,2 
тт.); Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, 1966; І.Кеңесбаев Қазақ 
тілінің фразеологиялық сөздігі, 1988 ж.; Оңдасынов Н. Парсыша- қазақша 
түсіндірме сөздігі, 1974 ж.; Энциклопедиялық сөздік, 1-10 тт.; Сарыбаев Ш. 
Қазақ тіл білімі, әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші; Серғалиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет