10 функцияға жақындау тәсілдері функцияға тәуелділіктер келесідей түрде берілуі мүмкін


Интерполирлеу, квадраттық жақындау, орташа дәрежелік жақындау, біркелкі жақындау



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі29,22 Kb.
#197165
1   2   3
Байланысты:
Лекция 11 (3)

10.2 Интерполирлеу, квадраттық жақындау, орташа дәрежелік жақындау, біркелкі жақындау

Электрмен жабдықтау жүйесін жобалау және эксплуатациялау кезінде көбінесе қолданылатын әдістер: интерполяция және аппроксимация. Бұл тапсырма кестеде тіркелген мәндерден өзгеше x нүктесіндегі f(x) мәнін анықтау қажет кезінде туындайды.


Егер [a, b] кесіндісі аралығында n+1 мәнді функция берілетін болса
y0 = f(x0); y1 = f(x1);….,yn =f(xn)
Мұндағы x0, x1,…, xn интерполяция түйіндері деп аталады. Мұндай тапсырма берілген кезінде функция мәндеріне сәйкес интерполяция түйіндеріне дәл келетін F(x) аналитикалық өрнегін табу қажет болады.
[x0 , xn] жататын және интерполяция түйіндерінен өзгеше х нүктесіндегі функцияны есептеу процесі интерполирлеу тапсырмасы деп аталады.
Егер [x0 , xn] аралығы кірмесе бұл экстрополирлеу тапсырмасы деп аталады.
Интерполирлеу тапсырмасының геометриялық түсінігі бойынша бір айнымалы функция үшін y = f(x) кестеде берілген (x0;y0), (x1;y1),…, (xn;yn) түйіндік нүктелер арқылы өтетін нүктелер арқылы қисық тұрғызу болып табылады. Бұл нүктелер арқылы шексіз әр түрлі қисқтар алуға болады, яғни f(x) мәнін нақты анықтау – анықталмаған деп есептеледі. Бір мәнді тапсырма алу үшін интерполирлеу функциясы F(x) ретінде дәрежесі берілген n+1 нүктелер санынан аспайтын көпмүшелікті таңдау қажет.
Fn(x0)=y0 , Fn(x1)=y1 ,…, Fn(xn)=yn .
Осы шартты қанағаттандыратын Fn(x) көпмүшелігі интерполяциялық көпмүшелік деп аталады.
Интерполирлеу кезінде келесідей тапсырмалар туындайды:

  1. Нақты жағдай үшін интерполяциялық функцияны тұрғызудың қолайлы тәсілін таңдау;

  2. f(x)-ті F(x)-ке [a,b] аймағында ауыстыру кезіндегі қателікті бағалау;

  3. Минималды қателік болу үшін интерполяция түйіндерін тиімді таңдау.

Интерполяциялық Лагранж көпмүшелігі
Квадраттық интерполярлеудің формуласының жалпы жағдайы үшін интерполяциялық Лагранж формуласы кең қолданылады.
Тапсырма:
[a, b] кесіндісі аралығында (n+1) функция мәндері берілген.
y0 = f(x0); y1 = f(x1);….,yn =f(xn) .
интерполяция түйіндерінің аралығы әр түрлі болуы мүмкін. интерполяция қадамы hi = xi+1 – xi # const, i = 0,1,…,n-1 .Интерполяциялық көпмүшелігін тұрғызу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет