10 жббом әлімхан Ермеков



бет2/5
Дата11.10.2024
өлшемі44,21 Kb.
#206179
1   2   3   4   5
Байланысты:
әлімхан ермеков

Зерттеу нысаны
Білім беру жүйесінде математиканы ашқан ғалымдарды толық зерттеу.
Зертттеу мақсаты
Білім беру ұйымдарында математиканы оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, қолдану әдістемесін жасау және тәжірибелік түрде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері
Білімді жаңғырту саласы бойынша математика негізделген. Нәтижесінде білім алушыларға математиканы оқытуда, есептер шығару барысында, ғалымдарды зерттеу барысында оқушыларға үлкен ой салу.
Балалық шағы
Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысыАқтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады.
Томскідегі оқуы
Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан Ермеков өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. Қызметтес болған, шәкірт болған және Әлімхан Ермековпен өмір жолы тоғысқан тұлғалардың барлығы дерлік Әлімхан жайында жылы лепес білдірген. Терең білімді, көркем-мінезді Әлімхан Ермековтың замандасы Сұлтанмахмұт келесі өлең жолдарын арнаған:
Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,
Келеді екінші болып бұл ретпенен.
Қазақта мұндай жігіт көрмедім, - деп,
Ардақты қарт Потанин лепес еткен.
Томдағы инженерлік сабағында,
Жетеді біл жылдан соң тамамына.
Өткізбекші өмірін ілім үстінде,
Бір түрлі биіктік бар талабында.
Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,
Тас болса да ерітер жүрек қанын.
Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
Тусаң ту осылай, - дегізер жанның бәрін.
Адалдық, ақжүректік, ақтығына,
Бір ауыз қарсы айта алмай құрыды әлің.
Меніңше Ермеков - деген бала,
Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.
Сөз, білімін сынайтын жер ілгері,
Әзір адал кісі ғой, жеке дара.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет