10 жббом әлімхан Ермеков



бет5/5
Дата11.10.2024
өлшемі44,21 Kb.
#206179
1   2   3   4   5
Байланысты:
әлімхан ермеков

Айтар ойға айқындама
Қазақта мұндай жігіт көрмедім деп,
Ардақты қарт Потанин лепес еткен…
Меніңше, Ермеков деген бала,
Ұқсайды ұшқыр қыран-қаршығаға…
Марат Ескендірұлы, ғалым, мұрағаттанушы:
– Әлімхан Ермеков туралы кезінде «Қазақ» газеті «Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі азамат» деп үкілі үмітпен зор баға берген еді. Ол осы сынға әбден лайықты болды, 1920 жылы 17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен Халық Комиссарлары Кеңесі мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы баяндама жасады, нәтижесінде республикамыздың шекаралық тұтастығын қорғап, отаршыларға тойтарыс бере отырып қалпына келтіріп, заңды құжатпен бекіттірді. Ә.Ермеков сонымен бірге, ұланғайыр жеріміз бен еліміздің ертеңгі иесі білімді жастар екенін түсініп, терең күрес жүргізді, барша ғылымның патшасы саналған математиканы халқымызға жақындатты, сол арқылы ұлттық ой-сананы жаңа кезеңге көтеріп тастады.
Ибатолла Арыстан, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, профессор:
– Математика – қиын пән. Құпиясы терең. Ал Әлімхан ағаның түсіндіруі арқылы оған ынтамыз аса оянды. Бұл ілімнің тарихы, тіпті кейбір теоремалардың қалай пайда болғандығына дейін айтып, сабақтарды қызғылықты ете түсетін. Біз ол кісінің халқының болашағы үшін күресте ауыр жолдан өткенін, ұлттық математиканың негізін қалаушы екенін көп жылдардан соң барып білдік. Қуғын-сүргін зардабымен арпалыса жүріп “Ұлы математика курсы” оқулық кітабын жазғанын тәуелсіздік таңы атқанда ғана естідік. Кітапта жоғары математика элементтері аса қарапайым, жеңіл тілмен түсіндіріледі, автор тілінің айқындығы, теориялық топшылаулары, есептердің шығарылу дәрежесі, келтірген мысалдары үйренушіні баурап алады.
Әділбек Нұрсағат, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, профессор:
– Ә.Ә. Ермековтың 100 жылдығы сол кездегі политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалында атап өтілді. Сол конференцияда мен Әлекеңнің 1935 жылғы Латын әріптерімен жазылған «Ұлы математика курсы» деген қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқулығын орталық архивтен тауып, академик А.Сағыновтың көмегімен қазіргі қолданылып жүрген қазақ альфавитінде қалай аударғаным жөнінде әңгімеледім. Қазақ топрағында алғаш ана тілімізде дүниге келген бұл ғажап оқулық, әрине, еш уақытта өзіндік тарихи маңызын жоймайтын, ірі оқиға болып табылады.
Тағы бір ерекшелігі, кітаптағы жоғары математика элементтері аса қарапайым, жеңіл тілмен және терең ұғымды, кең ауқымды түсіндіріледі. Жаңа ұғым, ережелерді талдағанда, автор өз тәжірибесінен жинақталған тәсілдерді молынан қолданады. Кітапты жаңадан баспаға дайындаған кезімізде, Советтік және әлемдік математика ғылымындағы қалыптасқан терминдер, теңдеулер, формулалар тиісінше енгізілді. Бұрынғы латын әрпінен бүгінгі алфавитімізге көшірілгенде, оның мазмұнына ешқандай нұсқан келмеуі ескертіледі. Бастапқы басылымдағы әріптен, емледен, жеке сөздер мен сөйлемдерден кеткен қателердің баршасы түзетілді, кейбір тұжырымдардың ғылыми ұғымдық жағы бір ізге келтіріледі.
Стилдік ерекшеліктері де жете сақталды. Мұның өзі қазіргі кезде, ана тілімізде жазылған оқулықтарға зәру кеземізде, бұл оқулықтың аса пайдалы екендігіне күмән келтірмейді. Сонымен қатар ана тілімізде оқулықтар жазып жүрген оқымысты оқытушыларымыз үшін де үлгі бола алады.
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков – білім мен өнерге ерте қол созған, әйгілі ғалым, парасатты педагог, ірі қоғам қайраткері әдебиет және мәдениеттің үлкен жанашары.
Бұл еңбектің тілдік, терминологиясы жағынан да өзіндік ерекшелігі бар. Тіпті оқулықтың атының өзінен қазіргідей жоғары математика деп атамай ұлы математика деп алуының өзі соны меңзейді. Тілі сол кездердегі стильмен жазылып, синтаксистік орамдар кездеседі. Сонымен қатар, оқулықта қазіргі қолданыста жүрген мынадай математика терминдері қолданылады: қосынды, қосу, нүкте, теңдеу, шаршы, шеңбер, үшбұрыш, теріс бұрыш, түзу, жазықтық, алым, бөлім, жатық сызық, сабақ, кесінді, тұйықтаушы вектор (замыкающий вектор), теріс бұрыш (отрицательный угол), тұрақты шама (постоянная величина) т.б.
Ғалым Ә. Ермеков 1948 жылы «Халық мұғаліміне» жариялаған «Емле мен терминологияның кейбір мәселелері» деген мақаласында қолданысқа енгізген бұл терминдер турасында «Қазақтың байырғы тілінен: нүктелер, іргелес бұрыштар, сыбайлас бұрыштар, тең бүйірлі үшбұрыштар, түзудің берілген кесіндісі, ортақ төбелі бұрыштар, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы тәуелділік, шеңбер, қоюшы, түйіндесу, аудан, дөңгелек, түзулер, бұрыштар, амалдар т.б... Осындай терминдердің жиындысы математика ғылымының бір саласы - геометрияның терминологиясы болды, ондай терминдерді советтік қазақ мектептерінде қазақ балаларын оқытқанда қазақ тілінде қолданып, оқушыларға ғылымнан нақты білімдер беріп жүрміз деп әбден айта аламыз және осылай деуге тәжірибеміз, ақыл-ой еңбегіміздің, зерттеу, қарастыру істеріміздің нәтижелері толық көрсетіп отыр», - деп тұжырымдайды. Бұл тұста ғалымның терминологиялық қорды қазақ тілі негізінде жасап, ұлттық ғылым тілін қалыптастыруды мақсат еткенін көреміз.
Оқулықта қазіргі маман, оқырмандарға таныс емес, қазіргі математика еңбектерінде кездесе бермейтін мынадай терминдер мен сөз тіркестерін ұшыратамыз: өлшеуіш, кіндік, құбылма шама, тұйықтаушы вектор, ішкері бөлу, керме, ерікті тұрақты параметр, өсімше, тұйықтауыш т.б.
Бұлардың кейбіреуі орыс тіліндегі мынадай терминдердің (масштаб-өлшеуіш, центр-кіндік, переменная величина-құбылма шама) баламасы ретінде қолданылған болу керек. Қазіргі математика саласында бұл нұсқалардың орнына мына терминдер қолданысқа енген: масштаб-масштаб, центр-центр, құбылма шама-айнымалы (өзгермелі) шама. Әйткенмен, Ә.Ермековтың еңбегіндегі термин сөздердің нұсқаларын да сөздік қорымызға тіркеп, тілдің қажетіне жаратуымызға болады. Әрі оқулықта математикадағы алғаш қолданысқа ене бастаған атаулар, қалыптасқан терминдер де кейінгі жарыққа шығып жатқан он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігіне» де иллюстрациялық материал ретінде қамтылды. Бұл бұрынғы он томдық сөздікке енбей қалған Алаш қайраткерлерінің шығармаларын қамту мақсатының біріне жатады.
Тағы бір сөз болатын мәселе - еңбектегі шет тілден енген терминдердің, яғни сол кездегі «жат сөздердің» берілуі қызығушылық тудырады. Онда терминдер латын графикасымен пропорсиал, протсес, функсиа, проексиа, потенсиал, електр, траекториа, симметрлі (симметриялы емес), ординат, температур, биссектрис, гипербол, парабол, теорем, координат деп беріледі. Бұл нұсқаларға қарап, сол кездегі тілдік норманы да айқын көреміз. Ғалым кейбір кірме терминдердің соңындағы а әрпін түсіріп қолдану туралы сол кездегі орфографиялық норманы ұстанып, кейін өзінің пікір алысу түрінде жазылған мақаласында «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» сондай ереже бар екенін ескертіп өтеді. Осында аталған сөздіктің бесінші бетінде мынадай нұсқау бар: «б) кейбір сөздердің аяғындағы «а» әрпі бізде жазылмайды. Мысалы: газет, минут, фабрик, т.б.» ал, газеттердің көпшілігінде «фабрика, фабрикалар» болып жазылып жүр .
Мұндай математика терминдеріне қатысты орфографиялық заңдылықты көрнекті тілші ғалым Қ.Жұбанов та баса айтып көрсетеді: «Терминдердің түбіріне орыс тілінің заңы бойынша кейде «а» жалғасып келеді. Біз оны барлық сөздерге бірдей заң қылып бекітпей, бірқатар сөздердің соңында келетін «а» дәнекерін қысқарттық. Олар көп буынды және аяғы д, ш, г сықылды дыбыстарға бітпейтін сөздер. Мысалы, аксиом - аксиома емес, проблем - проблема емес, биссектрис-биссектриса емес; абссис - абссиса емес; теорем-теорема емес, апопем-апопема емес; координат-координата емес; гипотенуз-гипотенуза емес т.б.
Демек, көрсетілген терминдердің қазіргі қолданыстағылардан бір ерекшелігі орыс тіліндегі -а қосымшасыз берілуі. Яғни, сол кездері шет тілдегі түпнұсқаға жақындатып, тіліміздің табиғатына икемдеп қолданған. Өкініштісі, қазіргі кезде аталған терминдер орыс тілінің заңдылығына сәйкестендіріліп, -а қосымшасы арқылы ордината, температура, биссектриса, теорема, гипотенуза, гипербола, парабола түрінде қолданылып келеді. Бұл тәжірибені қарастыру арқылы қазіргі тілдік жүйемізге еніп кеткен осы терминдермен қатар, өзге де интернационал терминдердің қолданысын бір ізге түсіруге мүмкіндік береді. Әсіресе, алдағы латын графикасына көшуде шет сөздерді тіліміздің табиғатына сай етіп, яғни қалыптасқан орысша нұсқаға икемделген форманы сындырып қолданамыз дейтін болсақ, бұл құбылыстың да бейімделу заңдылығын анықтау қажет.
ХХ ғасырдың басында шыққан ғылыми мақалалардағы, оқулықтар мен еңбектердегі шет тілінен енген терминдердің әртүрлі қолданысын тіркеп, статистикасын жасап, салыстыру арқылы да ортақ бір жүйені табуға болады. Солар арқылы бұрын қолданысқа енген және алдағы уақытта тілімізде пайда болып жатқан терминдердің қолданысын, берілуін өзгертіп, бұрынғы сәтті қолданыстарды тілдік айналымға енгізуге мүмкіндік туады. Бұл - әсіресе, жазуымыз латын графикасына көшкенде қажет болатыны анық. Себебі, кейбір тіл мамандарының пікіріне сүйенсек, латын жазуына көшудегі бір мақсат, ұтымды тұсы да осы болмақ.
Ә.Ермеков 1936 жылы өзінің ұстаздық тәжірибе негізінде «Қазақ тілінің математика терминдері» атты түсіндірме сөздігін шығарған екен. Мұндай мәліметті кейбір энциклопедиялық мақалалардан кездестіргенімізбен, сөздікті кітапханадағы сирек кітаптар қорынан таба алмадық. Осындай еңбектер жазған ғалымның кейінгі Қарағанды университетінде дәріс берген жылдарында да оқулықтары, жазған еңбектері болу керек деп есептейміз. Алдағы мақсат - ғалымның қалдырған ғылыми мұраларын, еңбектерін талдап, айқындау болып табылады.
Әлімхан ағамыз барлық қырынан толық зерттеліп анықталмаған саяси – әлеуметтік, ғылыми – педагогикалық еңбектері көп. Қаншама қуғын – сүргін азабын тартса да, өмірінің соңына дейін мойымай, ақжарқын кейіпін сақтай жүріп, тәуелсіздікке үміт артқан Әлімхан ағамыздың абзал бейнесі кейінгі ұрпаққа патриоттық, ұлттық сана сезіміне әсер етер және қазақ математиктері мен Қазақстан математикасының даму тарихын зерттеу кейінгі жастарымыздың ғылыми жобасына арқау болар дегени мақсатта осы жұмысымды жаздым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Алаш ақиықтары: Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар.- Алматы: Алаш, 2006.- 228 б.
2. Үдербаев А. Әлімхан Ермеков «Ұлы математика курсы» оқулығы //Дала мен қала.- 2011.- 21 наурыз.- 14 б.
3. Бюллетень Семипалатинского Отдела Русского Географического Общества.- Июль.- №1.- 1924 года.- Семипалатинск, 1924.
4. Ермеков Ә. Ұлы математика курсы.- 1 бөлім.- Қазақстан баспасы, 1935.
Беттер: 1 2

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет