10-модуль. Powerpoint-та ЖҰмыс істеу. КӨрмелерді әзірлеу 10 ms powerPoint деген не?


Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#4333
1   2
10.3. Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері.
Жасақтаманы және қалыптарды қолдану

PowerPoint-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға болады.


Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.
PowerPoint-та Жұмысқа кірісу (10.2-сурет)

тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:


– Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
– Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.
– Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.
Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.
Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10.3-сурет).

Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.


Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:
· өң түсін;
· байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
· тақырыптың түсі мен өлшемін;
· негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;
· еренсілтеме түсін;
· өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.
Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады – ол мұқаба слайд емес пе!
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (10.4-сурет).


Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы – Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.
Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек.
Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек.

10.4. Слайдтарды безендіру

Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.


Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (10.6-сурет).

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.


Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.
Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:
- недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы);
- ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);
- ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары);
- жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;
- қаріп түсін таңдау және т.б.
Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар – Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.
Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.
PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.
Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.
Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.
Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.
Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.
2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.
Кірістіру әмірін орындаңыз.

 

Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.


Дайын суретті кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.
WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің – Сурет – WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.
PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру – Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.
Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді таңдау керек.

10.5. Жан бітірімді баптау

PowerPoint көрмесі өзге бағдарламалар құжаттарынан мультимедиалық нысандарды – бейнеклиптерді, жан бітірілген суреттерді, дыбыстық үзінділерді және т.б. қолдануға мүмкіндік беретіндігімен ерекшеленеді.

PowerPoint қарапайым нысандарға жан бітіруге мүмкіндік береді. Өзгертпелі жан бітірім тапсырмалар аймағының көмегімен көрмені көрсету кезінде слайдтағы қай элемент қай кезде және қалай шығуы керек екенін – мысалы, тінтуірді шерткен кезде сол жақ жиектің артынан ұшып шығуын таңдауға болады. Жан бітірім параметрлерінің көбісі өзіне сәйкес пәрмендер қатарын қамтиды. Мысалы, тақырып бірден емес, жеке-жеке әріптер түрінде пайда болады.
Бұл үшін Слайдтарды көрсету мәзірінің Жан бітірімді баптау әмірін таңдаңыз. Тапсырмалар аймағында түрлі жан бітірім пәрмендерінің сан алуан нұсқасын ұсынатын Өзгертпелі жан бітірім құралдар үстелі пайда болады.
Есіңізде болсын – жан бітірім пәрмені әрбір нысан үшін жеке-жеке бапталады, сондықтан алдымен нысанды бөлектеп алып, содан кейін Пәрменді үстеу батырмасын шерту керек. Қажет болса, пәрмен параметрлерін (басы, жол, жылдамдық) баптап алыңыз.
Көрмеге музыканы және басқа да дайын дыбыстық файлдарды үстеу үшін Кірістіру мәзірінде Фильмдер және дыбыстар тармағын таңдап, содан кейін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:
· Файл дыбысы әмірін таңдап, осы файл сақталып тұрған қалтаны табыңыз да, қажетті файлды екі рет шертіңіз.
· Суреттер жинағының дыбысы әмірін таңдап, айналдыру сызығының көмегімен қажетті клипті тауып, оны слайдқа үстеу үшін шертіңіз.
Сұхбат терезесі пайда болған кезде мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

Слайдты көрсету кезінде музыка немесе дыбыс өз бетімен ойнатылуы үшін Өзмәтіндік батырмасын басыңыз.


Музыка не дыбысты дыбыс белгішесін нұқу бойынша ойнату үшін Нұқу бойынша батырмасын басыңыз.

10.6. Көрмелерді көрсету

Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысанды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.

Слайдтар ауысымын дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмалар аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде Сіз сондай-ақ слайдтардың тінтуір нұқуымен немесе өздіктік ауысуын, слайдтар ауысуы жылдамдығын белгілеуіңізге болады.
Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндік мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті параметрлерді баптау қажет.
Егер Сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан.
Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету – Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе <Ғ5> пернесін басу керек.
Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін пернесін басуға болады.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. MS PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?


2. PowerPoint көрмесі деген не?
3. Көрме неден құралады?
4. Кәдімгі PowerPoint көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.
5. PowerPoint бағдарламасы қалай іске қосылады?
6. PowerPoint көрмесіне жаңа слайдты қалай үстеуге болады?
7. PowerPoint көрмесін қалай сақтауға болады?
8. Слайдтардың жекелеген нысандары жан бітірімі қалай бапталады?
9. Слайдтағы мәтінді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
10. Жасалған нысандарды қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
11. Кірістірілген суреттерді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?
12. Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға болады?
13. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?
14. Қандай перне слайдтарды көрсетуді бастау әмірін орындайды?
15. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын ағымдық слайдтан бастап көрсетуді қандай әмірдің немесе батырманың көмегімен іске қосуға болады?
16. Қандай перне PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдтарын көрсетуді тоқтатады?


қайту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет