10-сынып Биология зертханалық жұмыстар



бет1/13
Дата28.11.2022
өлшемі1,58 Mb.
#160190
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-сынып Био зертханалык жұмыс


10-сынып Биология зертханалық жұмыстар.
№1 зертханалық жұмыс «Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу»
Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың сандық талдауы пациенттің қанындағы және зәріндегі қанттың деңгейін анықтау үшін медициналық зертханаларда жүргізіледі. Фармецевтикалық компанияларда дәрілік препараттарды өндіру және оларды сертификаттау кезінде; тамақ өнеркәсібінде шикізат пен тамақ өнімдеріндегі қанттың концентрациясын анықтау үшін; шарап жасауда және жеміс-көкөніс дақылдарын дайындау үдерісі кезінде жасалады.
Зертханалық жұмысты жүргізу үшін оны мұқият жоспарлау керек. Бұл зерттеу мақсатын тұжырымдауға, гипотезаны ұсынуға, эксперимент әдістемесін, реактивтер мен жабдықтарды таңдауға, жұмыс барысын құруға, нәтижелерді рәсімдеу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.
«Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу» атты зертханалық жұмысын жүргізу үшін кестені қарау керек, ол әдетте экспериментті бастамас бұрын толтырылады.

Практикалық жұмыс қадамдары

Жоспарланатын іс-әрекет




Тақырыптың тұжырымдалуы

Біз нені зерттейміз?

Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілеттері

Гипотезаның тұжырымдалуы

Біз қандай нәтиже ала аламыз?

Егер көмірсу өзінің тотықсыздандыру қабілетін көрсетсе, онда бұл – редуцирленетін қанттар.

Мақсаттың тұжырымдалуы

Зерттеуді не үшін жүргіземіз?

Редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттардың тотықсыздандыру қабілетін анықтау



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет