10 сынып (жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағыт )


«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



бет6/38
Дата26.12.2023
өлшемі4,43 Mb.
#199308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
БЖБ 10-сынып ЖАМБЫЛ ОБЛ

«Статика», «Сақталу заңдары» және «Сұйықтар мен газдардың механикасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаттары

10.1.3.2 - Әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру
кезінде себеп-салдар байланысын
орнату
10.1.4.1 - Сақталу заңдарын сандық және
эксперименттік есептерді шығаруда
қолдану
10.1.5.1 - Сұйықтар мен газдардың ламинарлық
және турбуленттік ағыстарын сипаттау
10.1.5.2 - Үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли
теңдеуін эксперименттік, сандық және
сапалық есептерді шығаруда қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дененің тепе-теңдік шарттарын түсіндіреді және моменттер ережесін қолданады

  • Механикалық энергия мен импульстің сақталу заңдарын қолданады

  • Ламинарлық және турбуленттік ағыстарды сипаттайды

  • Бернулли теңдеуін сандық және сапалық есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырмалар:
1. Сурет бойынша әрекет етуші күштердің
а) Арасындағы бұрышты анықтаңыз. а=5см, l =10см, cosα-? [2]

b) Тепе-теңдік шартының формуласын жазыңыз және теңәсерлі күшті анықтаңыз.


[2]
2. Футболшы массасы 700г допты теуіп, оған 15 м/с жылдамдық берді.
а) Доптың кинетикалық энергиясын есептеңіз.
[1]
b) Соққының ұзақтығын 0,020 с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәнін анықтаңыз.
[2]
3. Ламинарлық және турбуленттік ағыстардың екі айырмашылығын сызба түрінде көрсетіңіз.
[2]
4. Кең ыдыстың бүйір қабырғасына конус пішінді түтікше жапсырылған. Көлденен қимасының ауданы S1= 5 см2 және S2= 1 см2 болып өзгеретін осы түтіктен су ағады. Ыдыстағы судың деңгейі түтіктегіден 5 м жоғары.
( )

а) S1 қимасындағы су жылдамдығының үздіксіздік теңдеуін жазыңыз.
[2]
b) Бернулли теңдеуін пайдаланып, S2 қимасындағы Р1 судың асқын қысымының теңдеуін қорытып шығарыңыз.
[2]
с) Суды түтіктен итеріп шығаратын күштің көкжиек бағытындағы құраушысын табыңыз. [3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет