10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Нұр-Сұлтан, 2019 жыл Құрметті мұғалім! Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері»



бет8/12
Дата22.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#127456
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
10-сынып ( о амды -гуманитарлы ба ыт) Н р-С лтан, 2019 жыл рм
Seminar 12, Гастро ОБӨЖ Зайнанова М, Ситуациялық есеп №3 Зайнанова М, Қазақстан тарихы нұсқалар жауаптарымен1, Қазақстан тарихы нұсқалар жауаптарымен1, 10-сынып ( о амды -гуманитарлы ба ыт) Н р-С лтан, 2019 жыл рм, Презентация1, Дипломдық жұмыс
Бағалау критерийі

Білім алушы

















деңгейі

Орындау уақыты
20 минут


Тапсырма




  1. Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына талдау жасаңыз.

Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді. Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасаcып борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын мүлкін беруден бас тартады.


Сұрақ 1. Азамат Б. азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Сұрақ 2. Коллекторлық агенттік азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай? Жауабыңызды ашып жазыңыз.
________________________________________________________________________________
Сұрақ 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің қандай жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.

________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________




  1. Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.

Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника

12

дүкені қосымша ақыға 2 және 3 жылға кепілдік мерзімін ұзартуға болатындығын білді. Жеңілдетілген баға бойынша сатып алған азамат Д. кепіл шартына және дүкеннің қосымша кепіл шартына қол қояды. Арада бір жыл өткен соң азамат Д. сатып алған ноутбукты өзі қызмет ететін жұмысқа апарып пайдаланады. Қызмет барысында ноутбук арқылы түрлі бағдарламаларды кезекті сынақтан өткізу барысында ноутбук істен шығады. Тұтынушы ретінде электроника дүкенінен барып, тегін жөндеп беруді талап етеді. Алайда дүкендегі компьютер жөндеушілер оны жөндеуден бас тартады.


a) Неліктен электроника дүкені ноутбукты жөндеуден бас тартты?____________________________________________________________________


  1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының қандай нормасы/ бабы бұзылды?

___________________________________________________________________________




  1. Тұтынушылардың құқығын қорғайтын одаққа мұндай жағдайда жүгінуге бола ма?________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________




  1. Азамат Д.-ның ноутбукты жұмыс мақсатында пайдалану заңды ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет