10 зертханалық сабақ. Топ: Күні



бет2/5
Дата11.05.2020
өлшемі1,94 Mb.
#67191
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 зертханалық сабақ

Тапсырмалар:

  1. Практикумда берілген материалмен танысып, алға қойылған міндеттерге сәйкес тапсырмаларды орындау.

  2. Дәптерге қысқаша конспектілеп, сызба, сурет салу.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақты тазарту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мұнайды жер қойнауынан шығару, тазалау және оны тасымалдау техникалық жағынан қиын әрі қауіпті үрдістерге жатады. Себебі, кең орындарын өндеу кезінде табиғи ортасы сақталынбайды. Мұнайды шығарудың әр сатысында мұнайдың белгілі мөлшерінің төгілуімен жүреді. Ол өз кезегінде орны толмас ахуал тудырады. Мұнайдың үздіксіз төгінділері адам өміріне және қоршаған ортаға жағымсыз әсер етеді .

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақты тазарту үшін түрлі әдістер қолданылады: физикалық, механикалық, термиялық, химиялық және т.б. бұл әдістердің қажеттісін таңдау келесі факторлар бойынша қарастырылады: ластану дәрежесіне, ластану ұзақтылығына, ластаушы мұнай құрамына, топырақтың құрамына, қасиетіне және ландшафтық және климаттық жағдайларға байланысты таңдалады. Экологиялық тұрғыдан қарағанда, биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып тазалау тиімді болып табылады.
Мұнай төгінділерінен топырақ пен суды тазалау – биоремедиациялық шараларға жатады. Биоремедиация – өсімдіктер, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б. биологиялық нысандардың метаболиттік потенциалын пайдалана отырып, топырақ, су және ауа кеңістігін ластаушы заттардан тазалау кешенің айтады .

Ластаушы заттарды ыдыратуда микроорганизмдер жиі қолданылады. Себебі, олардың деструкторлық қасиеті жоғары. Ал, өсімдіктер, өз кезегінде оларға биоқабат ретінде әсер етеді: оттегі келуін қамтамасыз етіп, топырақты қопсытуға үлесін қосады .

Мұнай өнімдерін ыдыратуға қабілетті микроорганизмдер кез келген топырақ құрамынан табылады. Осыдан келе, тотықтырушы мамандалған арнайы микроорганизмдер болмайтыны белгілі. Мұнай ыдыратушы микроорганизмдердің белсенділігі нәтижесінде мұнай өнімдерінің минерализациясына, органикалық ерітінділерде ери алатын мұнай метаболизм өнімдерін түзеді. Мұнай қалдықтарын ыдыратып болған кезде микроорганизмдердің топырақтағы саны артады және қарапайым көпциклды ароматты көмірсулардың ыдырауы жалғаса береді .

Топырақта ластаушылардың концентрациясы белгілі түрде жоғары (жабайы микрофлора ластаушылардың мөлшерімен күресуге күші жетпейді) немесе төмен (жабайы микрофлора ластаушылардың сапасымен күресуге күші жеткіліксіз.


Ғалымдар мұнай қалдықтарымен ластанған топырақтар биоремедиациясын стимуляциялау үшін бактериальді концориумның бағаларын анықтады, жабайы КТМ саны жоғары болған жоқ (топырақта 103–104 кл/г). Қоректік қоспалармен кончорциуммен участкілерді залалсыздандыру нәтежиесі жылына көмірсутектердің 89.7–92.0% жойылуына алып келді. Мұнай қалдықтарынан тазалау әр түрлі әдістерін қолдану тиімділігін салыстыру нәтежиесінде авторлар 45–53% мұнай көмірсутегінің жалпы мөлшеріне бактериальді препарат негізінде биоагументация әдісен мүмкіндік береді. Ғалымдырадың қызығушылығы мұнай және мұнай өнімдерінінің эмульдейтін биосурфактант заттар продуцирлейтін мүмкіншілігі бар көмірсутегі микроорганизм деструкторларға көп көңіл бөлінуде. Ластанған топырақта осындай штаммдар интродукциясы биоремедиация тиімділігін жоғарлата түседі.

Қазіргі кезде биопрепараттардың кең таңдауы мен оларды қолдану технологиялары белгілі. Препараттардың әсер етуі микробтық культуралардың мұнай және мұнай өнімдеріне қатысты жоғары тотықтыру қасиетіне негізделген .

Отандық және шетелдік тәжірибе нәтижесінде тазалауға және ластанған жерлерді рекультивациялауға арналған биопрепараттар шығарылған. ТМД елдерінде белгілі биопрепараттар: Путидойл, Биоприн, Нафтокс, Деворойл, Биосэт, Экойл, Микромицет және т.б.

Дегенмен, олар жайлы егжей-тегжейлі ақпарат жасырын, жарнама денгейінде өтеді. Сондықтан, препараттардың бір-бірімен және өндіру технологияларын салыстыруды қиындатады. Әдебиеттердегі берілген ақпараттарға сүйене отырып, төменде биопрепараттардың жалпы сипаттамасы көрсетілген.




1 Сурет – Мұнаймен ластанған топырақ сынамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет