10 зертханалық сабақ. Топ: Күні


Қолданылған қоректік орталар



бет3/5
Дата11.05.2020
өлшемі1,94 Mb.
#67191
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
10 зертханалық сабақ

Қолданылған қоректік орталар

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақ сынамаларынан бактерияларды бөліп алу үшін қарапайым әмбебап ЕПА және Ворошилова – Дианова (ВД) сұйық қоректік ортасы қолданылды. Сонымен қоса, синтетикалық Е8 қоректік ортасы қарастырылды. Кәсіпорын жетекшілері ЕПА мен ВД қоректік ортасын қолдануға тоқталды.

ЕПА қоректік ортасын дайындау өте оңай болды. Себебі, дайын ет-пептонды агардың ұнтағы қолданылды. Ол ұнтақ құрамында қажетті микротұздар мен макроэлементтер бар. Ет-пептонды агар ұнтағының қаптамасында 1 л қоректік орта дайындау үшін г ұнтақ қолдануы тиіс екені жазылған.

ЕПА қоректік ортасын дайындау үшін магниттік араластырғыш ыдысқа 1 л дистилденген су құямыз. Үздіксіз араласып тұрған суға 33 г ет-пептонды агардың ұнтағын қосамыз. Алынған массаны қайнау жағдайына дейін жеткіземіз. Ол үшін жылытушы плита қолданылды. рН көрсеткіші 7,5- келтірілді. Дайын ортасы бар колбаның аузын тығындап, автоклавта 20 минутқа стерилдеу үшін саламыз.

Екінші дайындалған орта – ВД қоректік ортасы. Бұл орта агарсыз сұйық орта болып дайындалды. 1 л мөлшерде алу үшін келесі компоненттер қолданылды (г/л): NaCl – 10,0; K2HPO4 – 1,0; KH2PO4 – 1,0; NH4NO3 – 1,0; MgSO4 – 0,2; CaCl2 – 0,02. рН көрсеткіші 7,0-7,2-ге келтірілді. Дайын ВД ортасын автоклавта 20 минут бойы стерилденді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет