Микроорганизмдердің жасушаларының қозғалысын анықтау. Жасушалардың қозғалысын арнайы оймақшасы бар заттық шыныда «ілінген тамшы» немесе қарапайым заттық шынымен «жаншылған тамшы» препараттары арқылы байқауға болады. Жаншылған тамшы препаратымен қозғалғыштығы анықталады. Жаншылған тамшы препаратын дайындау үшін заттық шыны бетіне тамшы су тамызамыз. Тұзақпен Петри табақшасынан микроб бөлігін аламыз. Тамшы суда айналдыра жағамыз. Бетіне жабынды шыны жабамыз.
Бактериялардың спора түзу қабілетін анықтау (Ожешко тәсілі).
Бактериялардың споралары вегетативті жасушаларға қарағанда табиғаттың зиянды және жағымсыз факторларына жақсы төзімділік қасиет көрсетеді. Бұлар дөңгелек, сопақ және эллипске ұқсас түзінділер. Бактерия спора түзу қабілетін анықтау кезінде Ожешко тәсілі пайдаланылады. Бұл кезде майсыздандырылған заттық шыныға бактериялды дақылдың тамшысын енгізіп фиксирлейді және ауа арқылы кептіреді. Кепкен препараттың үстіңгі бөлігіне 0,5 % тұз қышқылын тамызып, екі минут бу пайда болғанша от жалынында қатты қыздырады. Тұз қышқылын сумен шаяды және препаратты жуады, фильтр қағазымен жауып үстіне Циль фуксин тамызып жеті минут бойы от жалынында бу пайда болған уақытқа дейін ұстайды. Препарат кеуіп кетпеуі үшін үстіңгі бетке бояу тамызу қажет. Бояудың сіңуі фильтр қағазының кеуіп кетпеуіне өз ықпалын тигізеді. 7 минут өткен соң препаратты суытып және фильтр қағазын алып, сумен жуып тастайды. Осындай өңдеудің қорытындысында жауша спорасы нақты боялады. Бұдан өте жасуша цитоплазмасын түссіздендіру жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл кезде 1 % тұз қышқылы не күкірт қышқылымен 15-30 секунд аралығында өңдеу керек. Өңделген препаратты сумен жуып, қосымша метилен арқылы екі минут бояйды. Препарат барлық ережеге сай істелген жағдайда спора қанық қызыл, цитоплазма көк түске боялады .
Петри табақшасында өсіп шыққан колонияларды идентификациялау үшін оны Грамм тәсілі бойынша бояймыз. Бұл бастапқы идентификациялау болып табылады. Грам бойынша бояу әдісі микробтардың формаларын көруге мүмкіндік береді. Ол микробтық жасуша қабырғасының ультрақұрылымына байланысты әсер етеді. Грам тәсілімен бактерияларды бояуды дат микробиологы Грам (1884 ж.) ұсынды. Бұл әдіс бойынша барлық бактериялар екі топқа бөлінеді: грам оң және грам теріс. Грам оң бактериялар препаратты спиртпен өндегенде көгілдір бояудың люголь ерітіндісімен қосындысын ұстап қалып, көгілдір түске 25 боялады. Фуксинмен бояған кезде қызыл түсті қабылдамайды. Грам теріс бактериялар бұндай қабілетке ие емес: спиртпен өндегенде түссізденеді. Фуксинмен бояғанда ашық қызыл түстерге боялады .
Грам тәсілі бойынша бояуды жүргізу үшін бекітілген, кептірілген препарат жасаймыз. Ол үшін табақшадан спиртшам жалынында стерилденген тұзақпен микробтық колонияны ақырындап аламыз. Алдын ала стерилденген заттық шыныға бір тамшы су тамызып, сол тамшыға тұзақтағы микроб колониясын эллипс формасында жағамыз. Жұғындыны бекіту үшін спиртшам жалыныңда кептіреміз. Содан соң жұғындыны келесі тәртіп бойынша бояймыз :
- Жұғынды үстіне кристаллды көгілдір бояуын тамызамыз. 2 минут күтеміз. Бояуды төгіп тастаймыз;
- Көгілдір бояуы бар жұғынды үстіне Люголь ерітіндісін тамызамыз. 2 минут күтеміз;
- Препаратқа этил спиртің тамызып, 30 секунд өндейміз. Нәтижесінде түссізденеді;
- Препаратты бояулар кеткенше сумен шаямыз;
- Цильдің фуксин бояуын тамызамыз. 2 минут күтеміз;
- Сумен шайып тастаймыз;
- Препаратты спиртшам жалыныңда кептіріп, микроскоппен қараймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |