Қолданылған әдістер мен құралдар
Қажетті құрал- жабдықтар
Бірінші қажетті ыдыстарға Петри табақшалары, термотұрақты колбалар және пробиркалар, өлшеуші цилиндрлер жатқызылды. Оларды қолданар алдында жудық және стерилизацияладық. Стерилдеу үшін қолданылды:
1) Жуып болған соң, құрғақ кептіргіш шкаф;
2) Қолданар алдында, ыдыстарды автоклавта 1210С стерилдеу.
Культураны өсіру үшін термостат және тербелмелмелі сөрелер қолданылды. Жасалынған қоректік орталардың рН көрсеткішін өлшеу үшін рН-метрлер қолданылды. Микроскоптау жұмыстары үшін Micros Austria 700 жарық микроскобы қолданылды. Бұл микроскоптың компьютерге қосылу өткізгіштері бар, нәтижесінде микроскоптан көрген бейнелер суретке түсірілді.
Негізгі жұмыстар ламинарлы бокста жүргізіледі (2 сурет). Жұмыс алдында ламинарлы боксты қосып қоямыз. Ультракүлгін сәуле лампасын қосамыз. Бұл ламинарда ультракүлгін сәулесі автоматты түрде 20 минут өткен кезде 22
өшіріледі. Содан соң сақтандырғыш әйнекті көтереміз. Жұмыс алаңын 70 пайыздық этил спиртімен сүртіп залалсыздандырамыз. Қажетті инструменттерді сол спиртте шайып, сосын арнайы стерилизаторда қыздырамыз.
Топырақ сынамасынан таза дақылды алу
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақ құрамында деструкторлық қасиеті бар бактерияларды анықтау үшін оларды жалпы микрофлора құрамынан бөліп алу керек. Таза дақыл алынған соң, олардың физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін бағалауға болады. Таза дақылды бөліп алу: жиынтық дақылды алу, таза дақылды алу және дақылдың тазалағын тексеру кезеңдерінен тұрады.
Таза дақыл алуда Кох ұсынған сұйылту әдісі қолданылады. Ол үшін ластанған топырақ сынамасын дистилденген суда ерітеміз. Қосымша стерилденген 9 пробирка дайындаймыз. Әр пробиркаға 9 мл дистилденген судан құйып шығамыз. Бастапқы топырақ сынамасы ерітілген субстраттан пипеткамен мөлшері 1 мл зерттеу затын бірінші пробиркаға құяды. Бірінші сұйылтудан тағы 1 мл пипеткамен алып, екінші пробиркаға құямыз. Осылай ретімен қайталанады .
Ары қарай ЕПА ортасы бар Петри табақшаларына 0,05 мл сұйытылған суспензияны пипеткамен тамызады. Оны Дригальский шпателімен қоректік орта бетіне жаяды. Ол үшін шпательді спиртшам жалынында қыздырып, стерильдеп алады. Қатты ыстық шпательді суыту үшін, Петри табақшасының қақпағының ішкі жағынан жүргізуге болады. Ескеретін жағдай, ЕПА бар Петри табақшаларына отырғызу жұмыстарын спиртшам жалының қасында немесе ламинарлы бокста жүргізу қажет. Яғни, бұл жасалынған жұмыс қатты қоректік орталарға беттік егу әдісі болып табылады.
Кох бойынша он еселік сұйылту әдісі
Егінді материал егіліп болған соң, ауа конденсаттарының қоректік ортаны бұзбас үшін, Петри табақшаларын төңкерілген күйі 330С термостатқа 24 сағатқа саламыз.
Тәулік өткен соң Петри табақшасында өсіп шыққан микробтық колонияларды көреміз. Арасынан бір колонияны таңдаймыз. Оны спиртшам жалыныңда стерилденген тұзақпен ойып аламыз да, жаңа қоректік ортаға штрихтап отырғызамыз. Петри табақшаларын жауып, төңкерілген күйінде 330С термостатқа 24 сағатқа саламыз.
2.3.3 Алынған бактериялардың морфологиялық қасиеттерін анықтау
Бөлініп алынған микробтық колонияның морфологиялық қасиеттеріне:
1) Бaктерия жасушасының пішіні;
2) Жасушаның мөлшері;
3) Жасушаның орнaлaсуы;
4) Кaпсулaның болуы;
5) Спорa түзуі;
6) Қозғaлғыштығы;
7) Грaм әдісімен боялуы жaтaды.
Жасушалардың көлемін және орналасуын зерттеу тәсілдері. Бактериялар – бір жасушалы ағзалар, көлемі бойынша үш топқа бөлінеді: дөңгелек, таяқша және иілген таяқшалар. Таяқша секілді микробтардың жасушаларының көлемі олардың орналасуы және спора түзу қабілеттері арқылы ажыратылады. Олар әр түрлі жасушалар және тізбек ретінде орналасуы мүмкін. Жасушалардың пішінін «Жаншылған тамшы» препараты арқылы, ал майда бактерия жасушаларының пішіндерін боялған препаратпен зерттейді.
Жасуша көлемін микроскоп көмегімен анықтайды. Өлшеу үшін тірі жасушаларды қолданған жөн, себебі бекіту және бояу әдістері олардың көлемін өзгерте алады. Бұл жұмысты объективті микрометр арқылы жасайды. Объективті микрометр ортасында тесігі бар және ол жерде әйнек орнатылған металды пластина. Әйнекке ұзындығы бір метр сызғыш сызылған, ол тура 100 бөлшекке бөлінген. Сол себепті бір бөлімі 0,01 мм немесе 10 мкм сәйкес болады.
Достарыңызбен бөлісу: |