ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ
(апробация)
СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
101 - НҰСҚА
Аты-жөні ___________________________________________________________
Қала (Облыс) _______________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
Мектеп ______________________________Сынып _________________________
Талапкердің қолы _____________________
2011
Назар аударыңыз!
1. Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және орыс тілі тестілерінен тұрады.
2. Тест сынағына берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).
3. Сіз қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және өзіңіз таңдаған бесінші пән бойынша тест тапсыруыңыз қажет.
4. Жауап беруді кез келген пәннен бастауға болады.
5. Тапсырмада берілген бес жауаптың біреуі ғана дұрыс.
6. Таңдаған жауабыңызды жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеңіз.
7. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.
8. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтырыңыз.
9. Тест сынағы біткен соң сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.
ЕСКЕРТУ:
- сұрақ кітапшасын ауыстыруға;
- сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;
- жауап парағын ауыстыруға
қатаң тыйым салынады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз
A) Ұжым, сым.
B) Атауыз, әңгелек.
C) Синоним, ағза.
D) Отарба, cадақ.
E) Әдебиет, тәрбие,
|
2. Қысаң дауыстылардан құралған сөзді табыңыз.
A) Кітап.
B) Қонжық.
C) Аспан.
D) Барлық.
E) Күміс.
|
3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді табыңыз.
A) Си-но-ним.
B) Жыр-ау-лар.
C) Ай-на-гүл.
D) Жа-сан-ды.
E) Лек-си-ка.
|
4. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
A) Айдаһар.
B) БҰҰ.
C) Үтір.
D) Тоғыспалы.
E) Өнерпаз.
|
5. Жіңішке дауысты дыбыстан құралған еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Борт.
B) Гүрс.
C) Ирелең.
D) Ербең.
E) Сақ.
|
6. Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
A) Алыс жолда арып-шаршаған жоқсыңдар ма
B) Біздің бәріміздің ойымызда осы елдің абыройы тұруы керек
C) Ал бүгінгі заман өзгерді, бүгінде бәрі дайын
D) Бүгінгі болашақ қамы – ертеңгі ұлттың қамы
E) Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
|
7. Синонимдерді табыңыз.
A) Келбет, пішін, ағза.
B) Алыс, жақын.
C) Алпамсадай, алым.
D) Амандасу, қоштасу.
E) Кездесу, жүздесу.
|
8. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келетін қос сөзді табыңыз.
A) Әрі-бері.
B) Ығы-жығы.
C) Келін-кепшік.
D) Ауыл-аймақ.
E) Азды-көпті.
|
9. Көмекші есімді сөйлемді табыңыз.
A) Шапқыласқан жылқышылар екені де сезіледі.
B) – Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! -деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.
C) Зеңбіректің добы да, мылтықтың оғы да нысанаға тимеді.
D) Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады.
E) Ажалды жылан жол үстінде жатады.
|
10. Қате жазылған қатарды көрсетіңіз.
A) Еш қайда.
B) Еш адам.
C) Еш жерде.
D) Еш уақытта.
E) Еш нәрсе.
|
11. Түбірі есім сөзден жасалынған туынды етістікті анықтаңыз.
A) Көр, бер.
B) Айтты, жайды.
C) Кел, бар.
D) Ағар, қысқар.
E) Алған, салған.
|
12. Мөлшер үстеуі бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Әбдірахман бүгін ауылнаймен әңгімелесті.
B) Көптен бері іздегендерім осында екен ғой.
C) Күлзипа істеген ісіне балаша мәз болды.
D) Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді.
E) Базарбай бір жапырақ қағазды Әбдірахманға әдейі берді.
|
13. Одағай сөзді анықтаңыз.
A) Япырмау, мынау Ақбөкен емес пе?
B) Жігіттер, аруды аттан түсіріңдер!
C) Иә, бұл сол күйсандықтың кілті.
D) Бәсе, ауылыңызға барыңыз.
E) Батыр, бұл айыбың ба?
|
14. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ол бір қызыл әскерді кездестіріпті-міс.
B) Аққулы көлдің жағасына ауыл қонған.
C) Шыбықтың бәрі бәйтерек бола бермейді..
D) Қоңыр домбыраның жағымды үні естілді.
E) Кезек жас жігітке келеді.
|
15. Қабысуды белгілеңіз.
A) Ірімшігін қайнатып, құртын жайды.
B) Көшеді ел, көшеді замандар да.
C) Біздің жұрт «Кеңбұлақты» мекендеген.
D) Боз далам, күрең далам, жасыл далам.
E) Ризамын жастыққа, текке өтпеді.
|
16. Мекен пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Кененмен бірге мың қаралы үй ерді.
B) Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді.
C) Тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың ең соңғы көші еді.
D) Осы арада азырақ көз шырымын алдырсақ қайтеді?
E) Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.
|
17. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
Хакім кітапты ұстаған күйі, Әбдірахманның сөздерін қыбыр етпестен
тыңдады.
A) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
B) Себеп бағыныңқылы сабақтас.
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
D) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
|
18. Одағай сөзге тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Уа қой, деймін бала.
B) Уа, қой деймін, бала!
C) Уа, қой, деймін, бала!
D) Уа, қой деймін бала.
E) Уа қой деймін бала.
|
19. Стиль түрін анықтаңыз.
Ұлы географиялық ашылулар кезінде Канар аралдары испандардың саяхаттарына аттанатын тірек пункті қызметін атқарған.
A) Ғылыми стиль.
B) Публицистикалық стиль.
C) Көркем әдебиет стилі.
D) Ауызекі сөйлеу стилі.
E) Іс-қағаздар стилі.
|
20. Сөйлемдерден омонимдік қатарды табыңыз.
A) Шағыл жерден құдық қаз. Қаңқылдап қаз ұшты.
B) Дертіне дауа іздеді. Ауасы – дертке дауа, жанға жайлы.
C) Құсқа айналады. Құстар қайтып барады.
D) Біліммен мыңды жыға біл. Мыңды төртке бөл.
E) Қаланың қақпасы ашық. Қақпадан кірді.
|
21. Сөйлем ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
A) Біреуден кек алуды ойлама, ол өзіңе ыңғайсыз жай болып оралуы мүмкін.
B) Болыс қарамағындағы елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.
C) Түсіндің жанын жырымның, қарадың үнсіз асқарға.
D) Ғарышқа ұшатын зымырандардың тұрқы - жүз метр.
E) Ішсе асқа, кисе киімге жарымады емес пе?
|
22. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді белгілеңіз.
A) Табаны жалпақ та, тайпақ та емес, аяғының үсті биік, бар денесі шақпақтай.
B) Тұмсығы қалмақы қылыштай қайқая біткен.
C) Бораш бір аққұбалау ғана, қағілездеу бала екен.
D) Көкпеңбек мұнара көк аспанның өзімен астасып кеткендей.
E) Тобықты ішінде Момыш бөлек бітімді ру болды.
|
23. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
A) Ұлттың болмысын жадына түйген, көкірегі қазына қарияларды күмбірлетіп жазады.
B) Мұндай өлеңдер ауылдан тамыр тартқан қаламгерлердің шығармаларында жетіп артылады.
C) Қазақтың даласында ұлттың киелі ұғымдары сол күйінде сақталған еді.
D) Жусан иісі мен киесі атамекен деген түсінікпен қатар жүретінін айғақтап берді.
E) Абайдың Шұбарға жаны ашығандай болды.
|
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді сөйлемді табыңыз.
A) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: “Би екеу болса, дау төртеу болады,” - деп.
B) “Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу болады,” - деп.
C) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: Би екеу болса, дау төртеу болады, - деп.
D) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты: “Би екеу болса” дау төртеу болады, - деп.
E) Бұрынғы қазақтың жайын жақсы білетін адамдар айтыпты; “Би екеу болса, дау төртеу болады” - деп.
|
25. Сөйлем соңынан қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
Мынау не айтып тұр-ей, өзі
A) Сұрау белгісі.
B) Леп белгісі.
C) Нүкте.
D) Сұрау және леп белгісі.
E) Көп нүкте.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. 1643 жылы жоңғармен шайқаста Алшын Жалаңтөс батыр көмекке келді:
A) Есім ханға
B) Жәңгір ханға
C) Қайып ханға
D) Тәуке ханға
E) Тұрсын ханға
|
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болды:
A) 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы
B) 45 млн. десятина жердің тартып алынуы
C) Столыпиннің аграрлық саясаты
D) Салықтың шамадан тыс көбеюі
E) Баж салығының қазақтарға міндеттенуі
|
3. 1917 ж. қарашаның 22-сінде М.Шоқай ашқан Бүкілтүркістандық төтенше IV съезд өтті:
A) Минскіде
B) Ташкентте
C) Түркістанда
D) Қоқанда
E) Верныйда
|
4. Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
A) Р.Қошқарбаев, Г.Булатов
B) М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров
C) А.Егоров, З.Құсаинов
D) Қ.Сыпатаев, Т.Мырзаев
E) Л.Беда, И.Павлов
|
5. XX ғ. 50-жылдарында Теміртаудағы жұмысшылар наразылығының себебі:
A) ұлтаралық қақтығыстар
B) еңбекақының аздығы
C) құрылыстың баяу жүргізілуі
D) басшылардың дөрекілігі
E) әлеуметтік жағдай
|
6. 1960 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:
A) Ж.Шаяхметов
B) Л.И.Брежнев
C) П.К.Пономаренко
D) Н.И.Беляев
E) Д.А.Қонаев
|
7. ХІ ғасырда қыпшақ хандығының қолына толығымен көшкен қағанат жері:
A) Қимақ
B) Түрік
C) Түркеш
D) Қарлұқ
E) Оғыз
|
8. Дың ескерткіштері көп сақталған жерлер:
A) Орталық Қазақстан, Жетісу
B) Тобыл, Торғай бойы
C) Солтүстік Қазақстан, Ертіс бойы
D) Сібір, Орал өңірі
E) Жайық, Еділ бойы
|
9. Әбілқайырды хан (XV ғасыр) сайлағанда қатысқан ақсүйек-шонжарлар саны:
A) 500-ге жуық
B) 600-ден астам
C) 200-ден астам
D) 400-ге жуық
E) 300-ден астам
|
10. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір:
A) Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер
B) Алтай, Тарбағатай өңірлері
C) Ертіс бойы
D) Түркістан мен Қаратау аралығы
E) Жетісу жері
|
11. 1570 жылдардың аяғында Хақназардың билігінде болған өңір:
A) Жетісудың шығысы
B) Жетісудың солтүстік-шығысы
C) Шу, Талас өңірі
D) Ертіс бойы
E) Мауараннахр
|
12. Тәуке ханның мирасқоры:
A) Қасым хан
B) Қайып хан
C) Әбілқайыр хан
D) Хақназар хан
E) Барақ сұлтан
|
13. 1860 жылы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс:
A) Басталды
B) Жеңілді
C) Жаңа кезеңге өтті
D) Қазақ жеріне тарады
E) Өрістей түсті
|
14. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай көтерілісін жаншуға жіберген жазалаушы отрядты басқарған подполковник:
A) Пономарев
B) Геке
C) Рукин
D) Колпаков
E) Смирнов
|
15. 1886 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындардың ісін жүргізетін төменгі сот буыны:
A) Қазылар соты
B) Халық соты
C) Бітістіруші сот
D) Билер соты
E) Хандық сот
|
16. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды:
A) ХІХ ғ. 40-жылдары
B) ХІХ ғ. соңы
C) ХІХ ғ. басы
D) ХІХ ғ. 60-жылдары
E) ХІХ ғ. 30-жылдары
|
17. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілі:
A) Олжас Сүлейменов
B) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
C) Шерхан Мұртаза
D) Ғабиден Мұстафин
E) Тайыр Жароков
|
18. 1927 жылы Әміре Қашаубаев өнер көрсеткен ел:
A) Дания
B) Франция
C) Англия
D) Германия
E) Испания
|
19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде қабылданған шешім:
A) Партияның атауын өзгерту
B) Қазақстан компартиясын тарату
C) Қазақстан компартиясын ұлғайту
D) Партияға жастарды көбірек тарту
E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау
|
20. Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша көне заманда Жезқазғанда өндірілген 1 миллион тонна кеннен қорытылған мыстың мөлшері:
A) 100 мың тонна
B) 300 мың тонна
C) 200 мың тонна
D) 250 мың тонна
E) 50 мың тонна
|
21. 1960 жылы зерттелген Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған атауы:
A) Тасмола
B) Бесшатыр
C) Шілікті
D) Берел
E) Шірік-Рабат
|
22. Алғаш Жібек сататын орындары болған Жапония астанасы:
A) Нарга
B) Киото
C) Эдо
D) Хиого
E) Хаката
|
23. XIX ғасырдың аяғында есімдері көпшілікке танылған қазақ саудагерлері:
A) Тіленшіұлы, Шопайұлы
B) Жетікұлы, Жандыбайұлы
C) Майлыбайұлы, Тілекұлы
D) Доғанбекұлы, Қалдыбайұлы
E) Жәнібекұлы, Майлыбайұлы
|
24. Өлкедегі мұсылман дінінің мүддесін қорғаушы, 1906 жылғы Мемлекеттік Думаның депутаты:
A) А.Қалменұлы
B) Б.Құлманов
C) М.Тынышбаев
D) Б.Қаратаев
E) Ш.Қосшығұлов
|
25. 1992 жылдан бастап байланысын нығайтқан халықаралық ұйымдардың бірі:
A) «Ислам конференциясы»
B) «Орталық Азия» одағы
C) «Дүниежүзілік сауда ұйымы»
D) «Экономикалық кеңес»
E) ЮНЕСКО
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ
|
Достарыңызбен бөлісу: |