Қазақстан тарихы нұсқау



бет1/4
Дата26.12.2021
өлшемі37,21 Kb.
#105688
  1   2   3   4
Байланысты:
1-вар
тест Пробный, 20.01.Акушерия, 1-вар, Сауат ашу Жауап парағы, ҚПК, 3 сурактар, 3-4н. Практикалық сабақ 4-5, сүт хассп (копия), хассп сүт басқару, снежок басқару

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ



Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

1. Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір:

A) Қаратау

B) Жетісу

C) Маңғыстау

D) Солтүстік Қазақстан

E) Сарыарқа


2. Жазба деректердегі Қаңлылар астанасы:

A) Чигу


B) Битянь

C) Шірік-Рабат

D) Алтын-асар

E) Бәбіш-Молда



3. Батыс-Түрік қағанатының жазғы ордасы:

A) Испиджаб

B) Баласағұн

C) Тараз


D) Мыңбұлақ

E) Күнгіт



4. Ұлы Жібек жолын дипломатиялық мақсатқа пайдаланған Қытай императоры:

A) Цзянь Сюан

B) Ван Ман

C) Бан Чао

D) У-Ди

E) Цинь Ши Хуанди



5. 1428 жылы Дешті Қыпшақта билікке келген билеуші:

A) Ұрыс


B) Барақ

C) Тоқтамыс

D) Шайбани

E) Әбілқайыр



6. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:

A) «Есім ханның ескі жолы»

B) «Жасақ»

C) «Қасым ханның қасқа жолы»

D) «Шежірелер жинағы»

E) «Жеті жарғы»



7. ХІХ ғасырда Ресей Қазақстан арқылы сауда жасаған мемлекет:

A) Қытай

B) Үндістан

C) Жапония

D) Иран

E) Корея


8. 1714(1716)-1720 жылдары Ертістің бойына салынған бекіністер:

A) Жәміш, Өскемен

B) Қапал, Верный

C) Омбы, Райым

D) Орск, Қызылжар

E) Атбасар, Орск



9. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға ең жақын болған майдан:

A) Сталинград

B) Белоруссия

C) Мәскеу

D) Ленинград

E) Курск


10. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы бірінші стратегиялық бағыт:

A) Энергетика ресурстары

B) Экономикалық өрлеу

C) Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

D) Кәсіпқой мемлекет

E) Ұлттық қауіпсіздік



11. ХVІ ғ. Қазақ хандығында ең ұзақ уақыт билікте отырған хан:

A) Шығай


B) Хақназар

C) Бұрындық

D) Бұйдаш

E) Қасым


12. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасын байланыстырған су жолы:

A) Іле


B) Шу

C) Талас


D) Ертіс

E) Сырдария



13. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты жарияланды:

A) КОКП XXVI съезінде

B) КОКП XV съезінде

C) КСРО Жоғарғы Кеңес сессиясында

D) КОКП Орталық Комитетінің сәуір пленумында

E) КОКП XIV съезінде



14. 1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми түрде тіркелген саяси партия:

A) «Азат» партиясы

B) Қазақстан Халық Конгресі

C) «Әділет» партиясы

D) Қазақстан халық бірлігі одағы

E) «Невада-Семей»



15. Мәтінде сипатталған Ұрұс хан өз күш-қуатын нығайтуда пайдаланған тарихи оқиға:

«Осы талас-тартысты дер кезінде пайдаланған Орда Еженнің ұрпағы Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алып, мемлекеттің күш-қуатын нығайтады. Хан 1368-1369 жж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж. Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады»:

A) Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы алауыздық

B) Мамай мен Дмитрий Донской әскерлері арасындағы соғыс

C) Өзбек пен Жәнібек хандардан кейін Алтын Ордададағы аласапыран төңкеріс

D) Әмір Едіге мен Тоқтамыс арасындағы талас-тартыс

E) Берке ханның Кавказ жорығында қаза табуы





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет