ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 8 сынып



Дата17.03.2021
өлшемі437,13 Kb.
#108403
Байланысты:
ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 8 сынып
The national dishes of India is as colorful as the country, Эссе, Ы. Алтынсарин мақала, Word formation



«Қазақстан тарихы» пәнінен


тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


8-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл



МАЗМҰНЫ




1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 7
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 8
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 21
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 27





1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 8-сынып


Білу:
- отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
- тарихи даму барысында қалыптасқан мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
- тарихи деректердің түрлерін.


Түсіну:
- тарихтың кезеңдері бойы отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
- Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін;
- Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын.


Қолдану:
- тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
тарихи ойлау дағдыларын: Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
- тарихи ойлау дағдыларын: тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде.


Талдау:
- себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
- жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, елдердің тарихи дамуын;
- тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
- Қазақстанның даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
- проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
- бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
-түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды.


Жинақтау:
- жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
- қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау:
- тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
- әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет