Бұл сөз латынша құрылысшы деген мағына береді.Ал құрылыс дегеніміз – жобасы күрделі, биік, әсем салынған архитектуралық ғимарат. Өнер – ауқымы кең ұғым. Өйткені өнер сан салалы.Осы өнердің бір саласы – сәулет өнері. Бейнелеу, мүсін, қолданбалы деген өнер түрлері де архитектуралық құрылыс жүйесінде сәулет өнерімен қатар дамиды. Өнердің бұл түрлері ғимараттардың іші- сыртын безендіру барысында қолданылады.
Іргетасы сақталған еңселі тұрғын үйлердің архитектуралық құрлыс жүйелері табылған қалалар: Тараз, Қызылөзен, Құйрықтөбе, Баба – ата, Қостөбе.
Ақыртас ғимараты VII-IX ғ.
Ескерткіштің құрылыс материалдары төртбұрышты кесек тастардан қаланған.Олардың ортасы ақыр тәрізді ойылып,арасы ұсақ тастармен және балшықпен толтырылған.Сондықтан жергілікті тұрғындар ескерткішті Ақыртас деп атаған.
Ақыртас
Архитектуралық құрылыс жобасы жағынан Ақыртастан кішілеу сәулет өнері туындыларының бірі – Білеулі ғимараты.Ол Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан.
VI –IX ғ.Қазақстанда дами бастаған архитектуралық құрылыстың бір сипаты діни сенімге байланысты.Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрлысының бір түрі – құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас Дың ескерткіштері.
Дың ескерткіші қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Оның қабырғасы берік тастан қаланады.
Қозы- Көрпеш Баян сұлу мазары.
Қазақстан керуен жолдарының бойында және көші- қон бағыттарында жолаушылар мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер сақталған.
«Сардоба»- парсыша құдықтың үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді.
VI- IX ғасырлардағы сардоба.
1.Бір күмбезді және көп күмбезді Мырзарабат сардобасы. 2.Сардоба ғимараты. Якка сардоба ғимаратының күмбездері бір – біріне жалғастырылып жасалған.
Бейнелеу өнері.
Бейнелеу өнерінің шеберлері қыштан жасалған ыдыстардың сыртын безендірген.