1.Жүкті әйелдер арасында жедел пиелонефритпен сырқаттану кездеседі
A. 0%
B. 1%
C. 11%+
D. 50%
E. 100%
2.Пиелонефрит ауруын жиі тудыратын қоздырғыш
A. ішек таяқшасы+
B. Протей
C. көк-жасыл ірің таяқшасы
D. алтын стафилококк
E. энтерококк
3.Жедел пиелонефриттің пайда болуына ықпал ететін факторлар
A. полиурия
B. дизурия
C. несептің өтуінің және бүйректен веноздық қанның шығуының бұзылуы+
D. бүйрекке артериялық қан келуінің бұзылуы
E. зәрді ұстай алмаушылық
4Жедел пиелонефритте бірінші зақымданады:
A. Астауша-тостағанша жүйесі
B. бүйрек шумақшалары
C. бүйрек түтікшелері
D. бүйректің веноздық жүйесі және интерстициальды тін+
E. бүйрек капсуласы
5.Парадоксалды ишурия – бұл
A. өздігінен зәрге шыға алмау
B. созылмалы зәр тоқтау
C. қуық толған кездегі зәрді ұстай алмаушылық+
D. зәрді ұстау алмаушылық
E. зәрдің тоқтауы мен оның кетіп қалуының қабаттас
6.Жедел пиелонефрит кезінде бір антибиотикті неше күннен артық қолдануға болмайды
A. 3 күн
B. 5-7 күн+
C. 8-10 күн
D. 10-14 күн
E. 14 күннен артық
7.Постренальды анурия дегеніміз:
A. Зәрдің жедел кешігуі
B. Қуыққа зәрдің баруының тоқтауы
C. Созылмалы зәрдің толық кешігуі
D. Бөлінетін зәр мөлшерінің 500 мл-ден азаюы
E. Зәрдің тәуліктің мөлшерінің 300 мл-ден төмендеуі
8.Жедел пиелонефрит кезінде науқастар тұтынатын сұйықтықтың мөлшері
A. күрт шектелген
B. шектеулі көлемде
C. әдеттегі көлемде
D. көп көлемде+
E. мүлдем ішпеу керек
9. 37 жастағы науқас емханаға жалпы әлсіздікке, оң жақта бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келді. Екі сағат бұрын дене қызуының көтерілуімен, қалтыраумен, содан кейін дене қызуының тез төмендеуімен, терлеумен және оң жақ бел аймағындағы шаншу тәрізді ауырсыну сезімі болған. Қарау кезінде науқаста қағу симптомы оң жақта әлсіз оң мәнді, бүйректері пальпацияланбайды, зәр шығаруы бұзылмаған, зәрі түсі қалыпты, дене қызуы 37,2 С. Ең ықтимал диагноз?
A. оң жақ бүйрек шаншуынан кейінгі жағдай
B. жедел іріңді пиелонефрит
C. пиелит
D. жедел пиелонефрит
E. жедел екіншілік пиелонефрит, оң жақ несепағардың тасы +
10. Науқас А., 47 жаста, урологиялық бөлімшеге оң жақтағы бел аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданып түсті. Айтуы бойынша ауырғанына 3 күн болған сол кезде оң жақ бел аймағындағы ауырсыну сезімі және дене қызуының 37,8-38,5 С-қа дейін көтерілуін байқайған. Анамнезінде урологиялық ауру белгілері жоқ. Қазіргі аурудан аз уақыт бұрын оң жақ бел аймағындағы теріде кішкентай іріңдік пайда болған, оны науқас өздігінен сығып тастаған. Зәр шығару бұзылмайды. Бүйрек пальпацияланбайды. Пальпацияда оң жақ бүйрек аймағында ауырсынады. Қағу белгісі оң жақта оң мәнді. Төменгі арқа және іштің алдыңғы қабырғасының A. бұлшықеттерінде кернеу жоқ. Ең ықтимал алдын ала диагноз?
A. созылмалы пиелонефрит, белсенді фаза
B. оң жақты нефроптоз
C. бүйрек карбункулы +
D. аппендицит
E. калькулезді холецистит
11. Науқас К., 24 жаста. Жүктіліктің 25 аптасы. Жедел оң жақты екіншілік пиелонефрит. Оң жақ астаушадан бастап жамбас аймағында дейін несепағардың ұлғаюы анықталады. Тастар туралы деректер жоқ. Науқасқа қандай емдеу әдісі кіреді?
A. оң жақты нефрэктомия
B. аборт
C. несепағар катетеризациясы
D. оң жақты тері арқылы нефростомия
E. науқасты сол жақ қырына жатқызу қалпы және антибактериальды терапия+
12. Созылмалы пиелонефрит жиі кездеседі
A. жаңа туған нәрестелерде
B. ерте балалық шақта
C. жасөспірімдік шақта
D. орта жастағы адамдарда
E. қарт адамдарда
13.Созылмалы пиелонефриттің жынысына байланысты жиілігі келесі заңдылыққа ие
A. ер адамдар 4 есе жиі ауырады
B. ер адамдар 2 есе жиі ауырады
C. ерлер мен әйелдер бірдей ауырады
D. әйелдер екі есе жиі ауырады
E. әйелдер 4 есе жиі ауырады+
14. 62 жастағы науқаста оң жақ несепағардың тасы, жедел оң жақты екіншілік пиелонефрит, бактериемиялық шок. Несепағар катетерін тастың жанынан өткізу мүмкін болған жоқ. Бұл жағдайда орындау керек
A. неғұрлым қарқынды антибиотикалық терапия
B. көктамыр ішіне антибиотиктерді тағайындайды
C. антибиотиктерді бұлшықетке енгізуді орындау
D. нефростомия жасау
E. науқасты шоктан шығаруға бағытталған қарқынды терапияны жалғастыру
15. Жедел паранефрит кезінде бастапқы күндері болады
A. тоңу
B. қызбаның тұрақты түрі+
C. дизурия
D. қалтырау
E. жүрек айну, құсу
16. Бел аймағындағы ауырғандықтын эпигастрий аймағына берілуі мен диспепсиялық (құсу, лоқсу) бұзылыстар белгісі қай сырқатқа тән:
A. Несепағардың төменгі 3/1-нің тасы
B. Бүйрек тостағаншасының тасы
C. Бүйрек астаушасының тасы
D. Несепағардың жоғарғы 3/1-нің тасы+
E. Жедел пиелонефрит
17. Жедел паранефрит кезіндегі ауырсыну
A. бел аймағында беріледі+
B. жауырын аймағына беріледі
C. жамбас аймағына беріледі
D. арқа аймағына беріледі
E. кіндік аймағына беріледі
18. Жедел паранефритте псоас симптомының белгісі
A. қозғалыс кезінде арқадағы ауырсыну
B. қолын көтерген кездегі ауырсыну
C. аяқты түзету кезінде ауырсыну
D. зақымдану жағында аяқты ішке қарай жамбас буынында бүккен кезде бүйір аймағында ауырсыну +
E. зақымдану бүйіріндегі бел аймағын қағу кезінде аяқты тізеде бүгу
19. Паранефральды абсцесс диагностикасының ең тиімді әдісі болып табылады
A. Жалпы шолу урографиясы
B. экскреторлық урография
C. изотоптық ренография
D. УДЗ+
E. паранефральды пункция
20. Цистит қай жаста жиі кездеседі
A. 11-20 жас
B. 21-40 жас+
C. 41-50 жас
D. 51-60 жас
E. 60 жастан асқанда
21. Циститтің пайда болуында негізгі рөл атқарады
A. жергілікті қан айналым бұзылыстары
B. физикалық факторлар
C. инфекциялар+
D. химиялық факторлар
E. ортақ факторлар
22. Қуыққа инфекцияның ену жолы (жиі кездесетін)
A. уретральды
B. контактілі
C. лимфогенді
D. өрлемелі
E. гематогенді
23. Жедел циститтің негізгі белгілері біреуінен басқасы
A. поллакиурияпа
B. полиурия
C. терминалды гематурия
D. зәр шығару кезіндегі ауырсыну
E. пиурия
24. Қуық лейкоплакиясының пайда болу себебі болып табылады
A. химиялық агенттердің әсері
B. қуықтың радиациялық зақымдануы
C. қуық туберкулезі
D. созылмалы цистит+
E. амебалық цистит
25. Баланопостит - бұл
A. аталық бездің қосалқысының ауруы
B. жыныс мүшесі басының ауруы
C. парауретральды бездер ауруы
D. жыныс мүшесінің басы мен күпектің қабынуы+
E. аталық бездің қабынуы
26. Парафимоз-бұл
A. парауретральды бездер ауруы
B. күпектің тарылуы салдарынан жыныс мүшесі басының қысылуы+
C. жыныс мүшесінің кавернозды денесінің қабынуы
D. жыныс мүшесінің тамырларының қабынуы
E. жыныс мүшесі басының қабынуы
27. Жедел эпидидимитке тән
A. аурудың алғашқы күндерінен бастап дене температурасының жоғарылауы+
B. 3-4-ші күні дене қызуының жоғарылауы
C. 5-6-шы күні дене қызуының жоғарылауы
D. аурудың бүкіл кезеңінде қалыпты дене температурасы
E. төменгі дене температурасы
28. Келесі аймақтардың барлығында несеп-тас ауруы жиі байқалады, біреуінен басқасы
A. Өзбекстан
B. Түрікменстан
C. Армения
D. Батыс Сібір+
E. Тәжікстан
29. Рентгеннегативті тастарға жатады
A. фосфаттар
B. оксалаттар
C. цистинді
D. ураттар +
E. струвитті тастар
30. Несепағардың төменгі үштен бір бөлігінің тасы 3 мм, уретеропиелоэктазия (тас үстінде). Дұрыс емдеу әдісін көрсетіңіз
A. нефростомия
B. несепағарды стенттеу
C. сұйықтықты көп ішкізу
D. несепағардың электрлік стимуляциясы
E. антибактериальды терапия
31. Қуықта көлемі 30 * 25 мм болатын уратты тас бар, науқасқа қандай ем ұсыну керек
A. литолиз
B. цистостомия++++
C. соқпа толқынды литотрипсия
D. цистолитотрипсия
E. араласу керек емес
32. 55 жастағы науқаста несепағардың төменгі үштен бір бөлігінде уродинамиканы бұзатын көлемі 6*9 мм болатын тас бар. Қандай емге көрсеткіш болып саналады?
A. консервативті терапия
B. уретеролитотрипсия
C. уретеролитоэкстракция
D. несепағар катетеризациясы
E. нефростомия++++
33. Уретеролитоэкстракция операциясы орынды болып табылады
A. несепағардың төменгі үштен бір бөлігінде көлемі 4 мм болатын тастарда
B. маржан тәрізді тастарда
C. несепағардың ортаңғы үштен бір бөлігіндегі тастарда көлемі 5-6 мм
D. несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің көлемі 5-6 мм тастарында
E. несепағардың төменгі үштен бір бөлігінде 8 мм-ден асатын тастары бар,
34. Екі жақ несепағардың ұсақ тастары және 20 сағаттық ануриямен асқынуы кезінде қолдану керек
A. тамыр ішілік лазикс, инфузиялық терапия
B. екі жақты ашық нефростомия
C. несепағар катетеризациясы
D. екі жақты пункциялық нефростомия
E. екі жақты шұғыл уретеролитотомия
35. Гипоспадия ауруында уретропластиканың оңтайлы уақыты
A. 3-5 жыл
B. 5-7 жас
C. 9-11 жас
D. 12-13 жас
E. 14-15 жас
36. 7 жасар бала ұманың оң жақ жартысында ауырсынуға, ауырсынудың оң жақ шап аймағына, іштің төменгі бөлігіне, оң жақ бел аймағына берілетінін айтады. 4 сағат бұрын басталған. Қарап тексергенде: пальпацияда: оң жақ аталық безі ауырсынады, тығыз, шап сақинасына дейін тартылуы анықталады. Температура қалыпты. Диагноз және емдеу тактикасы
A. Оң жақты қысылған шап-ұма жарығы. Емі операциялық.
B. Жедел оң жақты орхипидидимит, жаппай антибактериальды терапия.
C. Оң жақ аталық бездің айналуы. Консервативті ем
D. Аталық бездің бұралуы. Операция – оң жақты скототомия, деторция
E. Жедел оң жақты орхит. Оң жақты скрототомия
37. Бүйрек поликистозын хирургиялық емдеудің абсолютті көрсеткіші болып табылады
A. созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
B. нефрогендік гипертензия
C. ұзақ микрогематурия
D. кисталардың іріңдеуі
E. созылмалы пиелонефрит
38. Гидронефроздың ең жиі кездесетін асқынуы
A. артериялық гипертензия
B. веноздық гипертензия
C. пиелонефрит+
D. нефролитиаз
E. гематурия
39. Қуықта қатерлі ісіктің ең көп орналасатын аймағы қандай:
A. мойын аймағы
B. оң жақ қабырға
C. Льето үшбұрышы
D. сол жақ қабырға
E. жоғарғы бөлігі
40. Қуық асты безінің ауруларында қатерлі ісік локализациясының ең көп орналасатын аймақтары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |