Морфологияны мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
Морфологияны оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік
мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік
компетенциясы, қарым-қатынас жасау біліктілігі дамыған дара тұлға
даярлауға мүмкіндік туғызу
баланың
өмірлік
танымының,
айналамен
тіл
табысуының
басты
базасына
айналуы
қажет екендігін
ескеру
Тіл арқылы
баланың
логикалық
ой жүйесін
дамытудың
жолдарын
белгілеудің
маңызын
айқындау
Тілдің ғылыми
негізін меңгерту
оның
қоғамдық-
әлеуметтік
мәнімен, рухани
құндылығымен
қоса беруді ескеру
– коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың тетігі
Морфологияны мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері
сөз таптарының
жасалу жолдарын
сөздердің
түрлену жүйесін
Сөз құрамын, емлесін
сөз таптарының
сөйлемдегі қызметін
сөз таптарының орны
мен рөлін таныту
морфорлогияның
басты объектісі
сөз таптары
екенін
морфология тарауы
бойынша білім
берудің мақсаты
оқушылардың қарым-қатынас
қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Морфологияны оқытудағы әдіс-тәсілдер
тілдік білімге
ішкі қажеттілікті
дамыту ;
тілдік білімнің
қажеттіліктеріне
көз жеткізу;
сабақтың
қызықты
болуы;
Оқушылардың
қызығушылығын
қалыптастыру
жолдары:
мотив оқушылардың білуге
құштарлығынан,
зейінінен және сабақтағы
белсенділіктерінен
байқалады.
оқушылардың
оқу
мотивтерін
дамытудың негізі
пәннің практикалық
мәніне үнемі назар
аударып оқыту -
қазақ тілі сабағына
тілдік тақырыптарды
саналы түрде
меңгеруінің басты
қозғаушы
күштерінің бірі -
Морфологиялық жаттығулар
Морфологиялық жаттығулар
мазмұны жағынан екі түрлі болады:
Сөз тұлғасына байланысты
жүргізілетін жаттығуларға
мынандай талаптар қойылады:
- алдымен негізгі түбірлерді ,
- одан кейін туынды түбірлерді,
- түбірлес сөздерді талдайды;
2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі
түбірді тапқызу үшін, сол негізгі
түбірден жасалатын туынды
сөздермен салыстыру
жұмысы жүргізледі.;
3)туынды сөздерден негізгі
түбірді ажырату барысында
сөздің мағынасына
назар аударылады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін
жаттығу түрлері
төмендегідей сараланады:
1) мәтіннен керекті сөздерді
тапқызу;
2) керекті сөздерді қатыстырып
сөйлем құрату;
3)сөздің мағынасын түсіндіріп,
сөйлемдегі қызметін көрсету;
4) мағына мен тұлға жағынан қандай
айырмашылықтары
барын салыстыру
Морфологиялық талдау әдісі
Талдау әдістері
теориялық материалдарды
талдау
(тақырыптың термині,
анықтамасы, ережелері,
өзіндік ерекшеліктері);
практикалық талдау
(сөздер, сөйлемдер,
мәтіндер-фразалар,
мақал-мәтелдер,
нақыл сөздер)
Морфологиялық талдау әдісі
Морфологиялық
талдау
Сөз құрамы бойынша талдауға
мына тақырыптар енеді:
түбір сөз,
қосымшалы сөз, қосымша
(жұрнақ, жалғау),
туынды сөз, түбірлі сөз,
жалаң сөз,
күрделі сөз, біріккен сөз,
қос сөз, қысқарған сөз.
Сөз таптары бойынша
талдауға мына
тақырыптар енеді: зат есім,
сын есім , сан есім,
есімдік, етістік, үстеу,
шылау, одағай,
еліктеу сөздер
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (морфологияны) оқытуда төмендегі дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алған жөн:
-қазақ тілі сабақтарын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;
-оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактылық, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен ой амалдарын қолдана отырып сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту ұстанымы;
-морфологияны оқытуда индивидуалдық және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;
-оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру ұстанымы;
-морфологияны оқытудың тарихылылығы ұстанымы;
-морфологияны оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.
Тағы бір ескеретін жай: 2-сыныптан бастап «Сөз таптары» тақырыбын арнайы сабақ ретінде өткізудің мәні зор. Өйткені 1-сыныпта берілген бастапқы мағлұматты пысықтай отырып, сөз таптарын жүйелі оқытудың негізі қаланады. Тілдегі сөздердің білдіретін мағыналарына, қандай сұрақтарға жауап беретініне байланысты олар әр түрлі топтарға бөлінетінін байқата отырып, оқушылардың сөздік қорына сөз таптары деген жаңа термин енгізіліп, соның мәні аңғартылады.
Зат есімді оқыту
Зат есімді оқыту. Зат есімге қатысты алғашқы сабақ заттың атын білдіретін сөздерді түсінді-руден басталады. Аталған заттар балаларға бұрыннан таныс, әрі нақты болуы керек.
Мұғалім: – Балалар, айналаға қараңдаршы. Сыныптағы өздерің көріп отырған заттардың әрқайсысының өз аты бар. Соларды атаңдаршы, – дейді. Балалар сыныптағы заттарды, одан кейін адамдарды атайды. Немесе, жаңа сабақты бірден оқулықтағы 301-жаттығуды орындатудан бастауға да болады. Онда «зат есім» де ген сөз шығуға тиіс сөзжұмбақты шешу тапсырылған (қажетті сөздердің суреттері берілген). Мұнда да суреттегі заттардың аты аталып, оларға сұрақ қойылады, табылған сөздер санына қарай ретімен орналастырылады, бұл жаттығу оқушылардың ойлауын дамыту мақсатында да пайдалы. суреттегі заттардың мағынасы түсіндіріледі.
Заттың атын білдіретін сөздер жөнінде 1-сыныпта түсінік алған оқушылар зат есімнің анықтамасын тез ұғынады. Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат – балаларға заттардың әр салалы болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара қатынасын білдіру. Кім? кімдер? сұрағының тек адамға қатысты қойылатынын, жануарлар мен заттарға не? нелер? сұрағы қойылатынын дұрыс ұғындыру да маңызды. Сондай-ақ зат есімді сөйлем ішінде танытудың мәні зор. Сондықтан сұрақты сөйлемдегі сөз бен сөздің тіркескен тобына лайықтап қойдыру керек.
Осы тақырыпқа жалғас «Жалқы есім мен жалпы есім» оқытылады. Бұл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздер жалқы есімдеп аталатынын, солардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.
Зат есімнің жекеше, көпше түрі де 2-сыныпта оқытылады.
4-сыныпта зат есімнің септелуі және жіктелуі оқытылады, бұлар да байқату, жаттығу, салыстыру және көрнекілік әдістері арқылы меңгертіледі.
3-сыныпта «Негізі және туынды зат есім» және «Зат есімнің тәуелденуі» оқытылады. Негізгі және туынды зат есім туралы тілдік фактілерді байқату арқылы түсінік беріледі. Мысалы, өнер – өнерпаз, күй – күйші, сый – сыйлық, балық – балықшы тәрізді нақты мысалдарды салыстыру арқылы зат есімдердің негізгі және туынды болып бөлінетінін аңғартамыз. Зат есімнің тәуелденуін өткенде бұл тақырыпты тәуелдік жалғауын танытудан бастаған жөн. Досым, қарындасың, апасы деген сөздердің қосымшасын тауып, олардың қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықтатамыз.
Етістікті оқыту
Етістікті оқыту. 1-сыныпта оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алғашқы мағлұмат алады. Бірақ ондай сөздер тобының етістік деп аталатын үлкен сөз табын құрайтынын, заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын әлі білмейді. Сондықтан 2-сыныпта ең алдымен, етістікті сөз табы ретінде таныту көзделеді. Бұл үшін заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін бірнеше сөз мысалға алынып (жүгірді, отырды, тұрды, жазды, ұшты т.б.) оқушыларға бұл сөздердің мағыналары нені білдіретіні айтқызылады, содан соң мұндай қимылды білдіретін сөздердің етістік деп аталатыны, оларға не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтары қойылатыны оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіріледі.
«Дара және күрделі етістіктер» етістік туралы жалпы мағлұмат берілгеннен кейін оқытылады. Яғни ендігі басты мақсат – етістіктің күрделі түрін таныту. Дара етістіктерді оқушылар бұрыннан біледі, ал күрделі етістіктермен оқу сабақтарында, сөйлеу кездерінде үнемі кездескенмен олардың күрделі етістік деп аталатынын білмейді. Мұны дара етістіктермен салыстыра отырып, оңай меңгертуге болады. Етістіктің негізгі және туынды, болымды және болымсыз түрлерімен оқушылар 3-сыныпта танысады.
Оқушылар түбір сөзден болған етістік негізгі етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатынын білуге тиіс. Бұл үшін мынадай сөз жұптары салыстырылады:
ой – ойла арқан – арқанда
ем – емде үтік – үтікте
таза – тазала ән – әндет
ақ – ақта гүл – гүлден
Бұл сөздерге сұрақ қойып және мағыналарын түсіндіре отырып, өзара салыстыру нәтижесінде осы етістіктердің түбірі басқа сөз таптарынан жасалып тұрғанын аңғартамыз.
4-сыныпта етістіктің жіктелуі мен шақтары таныстырылады.
Сын есімді оқыту
Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сұрақтары қойылатынын да біледі. Енді 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс. Бұл үшін сұрақ-жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы білімдерін тереңдете түсеміз. Мысалы, алманың суретін көрсетіп, оның не екенін айтқызамыз, дәмі, түсі, пішіні қандай екенін сұраймыз, немесе ұзын, қысқа лентаны (қалың, жұқа кітаптарды) салыстыртамыз. Нәтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дәмін тағы басқа сапа белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатынын біледі, оларға қандай? қай? деген сұрақ қойылатынын ұғады. Бұдан кейін сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондағы мақсат – сол сын есімдердің кез келген зат есіммен тіркесе бермейтінін аңғарту.
3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беру жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен, ақылды адам, тәртіпті оқушы, таулы жер, әдепті қыз, әсерлі әңгіме тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратқызып байқату тәсілімен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сын есімді салыстыртып, олардың бір-бірінен өзгешелігін оқушылардың өздері аңғаруына мүмкіндік жасаймыз.
Сан есімді оқыту
Сан есімді оқыту. Заттың санын білдіретін сөздер оқушыларға математика сабақтарынан жақсы таныс. Сандарды санау таңбалары ретінде, қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарының объектілері ретінде ұғынады. Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің өзінше бір грамматикалық тобы екенін білмейді. Сондықтан 2-сыныпта сан есімдер негізгі сөздердің бірі ретінде қаралып, оның есептік, реттік түрлерінен алғашқы мағлұмат беріледі. Заттың санын білдіретін сөздерге неше? қанша? нешінші? деген сұрақтар қойдыру арқылы сан есімдердің аталған екі түрін танытамыз. Осы мақсаттағы жаттығуларды орындау барысында оқушылар сан есімдерге сұрақ қоя білуге, олардың зат есімдермен байланысын аңғаруға, мәтіннен сан есімдерді таба білуге үйретіледі. Сондай-ақ зат есімдер заттың санын, ретін білдіретінін ұғады. Сан есімді оқытудағы тағы бір назар аударатын мәселе – оның емлесі. Яғни бір таңбалы сан бір сөзбен, екі таңбалы сан екі сөзбен жазылатынын игерту керек. Бұл үшін сандарды сөзбен жазу талабы қойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |