Неміс педагогі Э. Мейман бірнеше ерекше заңдарды негіздеп, ұсынды:
- жеке адамның дамуы əуел бастан көбіне оның табиғи нышандарына тəуелді жүріп жатады
- ең алдымен бала тіршілігі мен оның қарапайым қажеттерін қанағаттандыруға арналған сапа-қасиеттер дамиды
- балалардың жан жəне тəн дамуы əрқилы деңгейде өтеді
Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері:
- оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты
- оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді
- оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне , оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты
- оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді
- оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады
- оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық).
Жеке (нақты) заңдылықтар оқу жүйесінің кейбір тараптарына орай іске қосылады. Оқу процесінің жеке (нақты) заңдылықтары:
Достарыңызбен бөлісу: |