№11 Дәріс Тақырыбы: Шеміршек және сүйек ұлпалары Жоспар



бет1/8
Дата19.11.2022
өлшемі3,58 Mb.
#158964
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 11 Шеміршек, сүйек ұлпасы

№ 11 Дәріс

Тақырыбы:

Шеміршек және сүйек ұлпалары

Жоспар:

1. Шеміршек ұлпасы.

2. Шеміршек ұлпасының жіктелуі.

3. Сүйек ұлпасы.

4. Сүйек ұлпасының жіктелуі.

5. Сүйек ұлпасының жасушалары.

Қаңқа ұлпалары организмде тіректік, механикалық қызмет атқарады, жасуша аралық заттары тығыз орналасқан шеміршек және сүйек ұлпаларынан тұрады. Бұл ұлпалар су мен тұздардың алмасуына қатысады.

Шеміршек ұлпасы адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде кездеседі. Мезенхимадан дамиды. Жасушалардан және жасуша аралық заттан тұрады. Шеміршек ұлпасы тыныс алу жүйесінің мүшелерінде, буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде кездеседі. Шеміршек ұлпасының құрамындағы жасушалар хондробластар деп аталады. Хондробластар даму процесі кезінде хондроциттерге айналады.


Хондроциттер шеміршек ұлпасының негізгі жасушалары, олар қуыстарда капсуламен қоршалып орналасқан, беттері микробүрлермен жабдықталған, ядросы жұмыр, хроматині аз.
Цитоплазмасында митохондриялар, жақсы жетілген Гольджи жүйесі мен түйіршікті эндоплазмалық тор бар.
Хондроциттер 2-4 немесе одан да көп болып топтасып «изогендік топ» деп аталатын комплексті құрайды. Әрбір топ бір хондробластың бөлінуі нәтижесінде пайда болады.
Шеміршек ұлпасында қан тамырлары болмайды, қоректену процесі шеміршек қабы арқылы жүреді. Шеміршек ұлпасының құрамында 70-80% су, 10-15% органикалық заттар, 4-7% тұздар болады. Шеміршектегі құрғақ заттың 70% - коллаген.

Шеміршек дифферондары және хондриогистогенезі Шеміршек ұлпаларының дамуы ұрықтық және постэмбриональді өсу кезінде регенерациялық жолмен жүзеге асады. Шеміршек ұлпасы мезенхимадан даму барысында жасушалардың келесі дифферон қатарын түзеді: бағаналы, жартылай бағаналы жасушаларды, хондробластар мен хондроциттерді .

Бағаналы жасушалар –пішіні дөңгелек, ядросы мен цитоплазмасының ара қатысы өте жоғары, ядросындағы хроматині диффузды орналасқан, органеллалары нашар дамыған. Жартылай бағаналы жасушаларпішіні ұзынша созылыңқы, ядросы мен цитоплазмасының ара қатысы төмендеу, бос рибосомалар мен түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналары біліне бастаған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет