«Мәңгілік Ел» кұндылықтары
|
Білім беру стандарттарында анықталған құндылықтар
|
Адалдық және патриотизм. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы
|
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету)
|
Еңбексүйгіштік.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім
|
Еңбек және шығармашылық (өз жүмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылдық, адалдық, жұмысқа құлшыныс, үздік нәтижелерге жету)
|
Азаматтық теңдік.
Толеранттылық.
Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
|
Құрмет
(мақтаныш, ата-аналары, отбасы, үлкендер, достары, адамдарға қамқорлық және жылы сезім)
|
Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу
|
Ынтымақтастық
(әртүрлі елдердің азаматтарымен, жергілікті және мектеп қоғамында, мұғалімдермен, достармен командада жұмыс істей білу қабілеті)
|
Адалдық.
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
|
Ашықтық
(іскерлік және жеке қарым-қатынаста адалдық, академиялық адалдық, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу, ортақ мақсатқа жету)
|
Білім беру және білімділік
|
Өмір бойы білім алу
(білім мен дағдыларының өсуі, тұлғаның әлеуетін дамыту, экономикалық білімін дамыту, ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі)
|
|
|
«Адам және қоғам» білім саласындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығы олардың жалпыадамзаттық, ұлттық-тарихи және әлеуметтік-мәдени құндылықтарға әділеттілікпен, адалдықпен, тілектестікпен, жауапкершілікпен қарай білу; өзінің азаматтық патриоттық ұстанымын және құқықтары мен міндеттерін заңнама мен қоғамдық нормаға сәйкес сақтай білу; отбасында, ұжымда, қауымда әлеуметтік рөлін орындай білу; көпмәдениетті қоғамда өмір сүру мен қарым-қатынас жасай білу; өздігінен оқу, өз мүмкіндігін іске асыру, өзінің кәсіби бағытын анықтау; адамның физикалық және рухани денсаулығын, ақыл-ой жұмысын қолдау үшін салауатты өмір салтын жүргізу қабілеттерімен анықталады.
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім мазмұнын анықтауда қазіргі білім беруді гуманитарландыру проблемаларын, оқытуды бейіндеу, жас ұрпақтың интеллектілік дамуы мен рухани-адамгершілікке тәрбиелеу талаптары ескерілген. Яғни, тарихи оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін, мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және оларды нақтылы бағамдай білу; демократиялық және экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрену, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезендерін білу т.б. талаптарын қояды.
Қоғамдық-гуманитарлық білім кең білім беру шектеріне ие, оны оқыту тек қана адамзат тарихындағы мәдениет туралы ғана емес, адамзат туралы ғылым болып табылады. Қоғамдық білім, тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, оны тәуелсіз бағалау, сонымен қатар басқалардың пікірін сыйлауға ықпал етеді. Бұл пәндер тұлғада қазіргі қоғамға тән маңызды құндылықтарға, дүниетанымға, толеранттылыққа, азаматтық сенімділікке, шығармашылық ойлауға тәрбиелейді. Қоғамдық пәндер жастарды қазіргі әлемдегі толық қарама-қайшылыққа өз бетінше өмір сүруге дайындайды, адамдар арасындағы өзара түсіністік үшін ыңғайлы жағдай жасайды, әртүрлі мәдени, этникалық, лингвистикалық және діни дәстүрлер адамға белгілі бір елдің ғана өкілі емес екендігін сезінуге көмектеседі. Қазіргі қоғамда өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру маңызды проблемалардың бірі болып отыр.
Сондықтан бүгінгі таңда қоғамның өзгермелі жағдайына бейім тұлғаны қалыптастыру үшін «Тарих» курсының маңызы зор.
«Тарих» пәндері оқушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұла дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды, қазіргі қоғамның гуманистік идеялары мен демократиялық құндылықтарын игеруге, әлемнің мәдени әртүрлілігін түсінуге жетелейді. Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге, толеранттылықты қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Қазақстан тарихы» пәні «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, өз кезегінде ол, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.
Пәннің мақсаты: оқушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, толеранттылық, өз елінің және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Пәннің міндеттері: адамзат өркениетінің және Қазақстан территориясындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезендері мен түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру; әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру; негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму проңестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру; тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен проңестерді және тарихи тұлғалардың қызметін тарихи контексте сын тұрғысынан талдап, баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту; тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту; тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау); қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды, жарияланым мен электронды құралдарды қоса алғанда, қолдану.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесін жалпы білім беру мектептеріне тарату тапсырмасына сәйкес, бүгінгі таңда кіріктірілген оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр. Заманауи талаптар тұрғысынан қарағанда, кіріктірілген білім беру бағдарламасын әзірлеуде қазақстандық мектеп пен әлемдік білім беру тәжірибесінің озық жетістіктері есепке алынады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері: оқушыларға алған білімдерін оқудағы және өмірдегі мәселелерді шешуде пайдалануды үйретуге бағдарлау; тілдерді деңгейлік үйретуді ұйымдастыру; пәндерді кіріктіру; жаңа пәндерді енгізу; тереңдетіп және стандартты оқуға арналған пәндерді жоғары сыныпта таңдау құқығы; жоғары оқу орнына түсуге мақсатты түрде дайындалу; жобалау іс-әрекеті; бағалаудың критерийлік жүйесі.
Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі негізінде қоғамдық пәндерден де «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» эксперименттік кіріктірілген оқу бағдарламасы әзірленді. Кіріктірілген оқу бағдарламасындағы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің маңыздылығы қазіргі әлемдегі Қазақстанның даму идеологиясы мен ұлттық мудделерді жүзеге асыру мақсатында саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік ұстанымдарын түсінеді, әрі елді өркендету жөнінде өзіндік азаматтық позициясын қалыптастырады. Еліміздің әлемдегі орны, оның тәуелсіз даму моделі және елді дамытуға бағытталған реформалары мен стратегиялары туралы білімдерін тереңдетіп, әлем елдеріне, халықаралық ұйымдар мен түрлі қоғамдық бірлестіктерге қатысты ұстанған ішкі-сыртқы саясатындағы басымдылық бағыттарын, ұлттық және аймақтық қауіпсіздік проблемаларын түсінеді.
«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнінің мақсаты - елдің ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық, ұлттық мәдени және өркениеттік ерекшеліктерін, географиялық жағдайын назарға ала отырып, Қазақстанның қазіргі әлемдегі орнын түсіну және болашақта мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық әлеуетін өсіру, оның саяси ықпалын ұлғайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, ұлттың зияткерлік және өнегелілік прогресін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар пәндердің синтезі негізінде қажетті білімдер мен дағдыларды қалыптастыру. Яғни, сын тұрғысынан бағалау; негізгі ойды дамыту; логикалық ойлау; ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізу; дәлелдемелер келтіре отырып, шешім қабылдау, бағыттарды белгілеу; деректі таңдау, талдау. Бұл дағдылар оқушылардың функңионалды сауатты болуына және Қазақстанның көшбасшылық дамуына өз үлестерін қосуларына мүмкіндік береді. «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәнін оқу арқылы оқушылар келесідей білім мен түсінікке ие болады: Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алатын орны, саяси және әлеуметтік-қоғамдық дамуы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтары, экономикасы мен қазіргі заманғы тарихы, дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігі.
Бұл бағдарлама балалардың өздігінен білім алу дағдыларын, талдау, өз көзқарасын дәлелдей білу, командада жұмыс істеу, алған білімдерін өмірде пайдалану қабілеттерін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытады.
«Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік Ел», - деген Елбасының сөзінде еліміздің болашағы қазіргі жастарға деген үлкен қамқорлық пен оларға деген зор сенім жатыр.
XXI ғасыр - қатаң бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры барша педагогикалық қауымның қолында екені даусыз. Педагогикалық қауымның қазіргі таңда атқарып жатқан істерінің арқасында жас ұрпақтың болашақта әлемдік деңгейдегі сынақтардан жоғары нәтиже көрсететініне сеніміміз мол.
Сондықтан басты міндет - жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |