11 практикалық сабақтың тақырыбы: Қр президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы тарихи сабақтастық. Тапсырмалар



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі31,17 Kb.
#93747
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
каз тарихы 11


11 практикалық сабақтың тақырыбы: ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауындағы тарихи сабақтастық.
Тапсырмалар:

  1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауынындағы негізгі бағыттар.

  2. ҚР Президенті жолдауының тарихи негіздері.

  3. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи сабақтастығы.

1)ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауынындағы негізгі бағыттар:
Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы 1996 жылдың қазан айында жарияланып, ол Жолдау Елдегі жағдай мен 1997 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы деген тақырыпты қамтыған болатын. 
Президенттің жұртшылыққа кеңінен танымал бағдарламасы - 1997 жылдың 10 қазанында жарияланған Қазақстан-2030 Стратегиясы. Мемлекет басшысының одан кейінгі жылдардағы Жолдауларында Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарламасы негізгі бағыт ретінде алынып, оны жүзеге асырудың түрлі қағидаларына назар аударылып, еліміздің жүріп өткен жолдарына терең талдаулар жасалып, болашаққа қарай маңызды стратегиялық міндеттер қойылды. 
Елбасының 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауы: Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа
1999 жылғы 15 желтоқсандағы Жолдауы - Елдің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі; 
2000 жылғы 24 қазандағы Жолдауы - Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам
2001 жылғы 3 қыркүйектегі Жолдауы - Елдегі жағдай және 2002 жылға ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы; 
2002 жылғы 29 сәуірдегі Жолдауы - Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға негізгі бағыттары туралы; 
2003 жылғы 4 сәуірдегі Жолдауы - Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға негізгі бағыттары
2004 жылғы 19 ақпандағы Жолдауы - Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт деп аталды.
2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдаудың тақырыбы - Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында болды.
2006 жылғы 1 наурызда Жолдау - Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында! Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы деген атаумен жарияланды.
2007 жылғы Жолдаудың тақырыбы - Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан! деп аталды. Бұл Жолдау Қазақстанды жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары мен ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытын қамтыды. 
2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының Жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп аталды.
2009 жылғы 6 наурызда Президенттің жариялаған Жолдауы Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға! деп аталып, онда жаһандық дағдарыспен күреске бағытталған шаралар, елімізді қаржылық-экономикалық күйзелістен алып шығудың негізгі бағыттары, сондай-ақ бұдан кейінгі, яғни мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттері қамтылған болатын. Өкінішке қарай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы әлсіремей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіссіздер. Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіссіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз. Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз. Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз, деген болатын 2009 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы. Алғаш рет елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша Жол картасы әзірленіп, бұл бағдарлама өзінің тиімділігін танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет