11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


жылдың 22-28 ақпан аралығында 2-11 сыныптарда олқылықтардың орнын толтыру жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген тексеріс анықтамасы



бет59/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

2022 жылдың 22-28 ақпан аралығында 2-11 сыныптарда олқылықтардың орнын толтыру жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген тексеріс анықтамасы
Мектепте 2021-2022 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспары негізінде 2022 жылдың 22-28 ақпан аралығында 2-11 сыныптарда олқылықтардың орнын толтыру жұмыстарының жүргізілу деңгейін анықтау мақсатында жекелей бақылау жүргізілді.
2021-2022 оқу жылының өзекті міндеттерінің бірі өткен оқу жылындағы білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және білімін толықтыру болып табылады. Олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша жұмыс әр мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Әрине, бұл жұмыс маңызды және өте күрделі. Сондықтан білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және жою бойынша іс-шараларды жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу қажет.
«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім сапасында жіберілген олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру мақсатында жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
Мақсаты: Оқушыларының білім алу деңгейін, білім алу дағдысы мен біліктілігін арттыру, оқу процесінің сапасын жақсарту.
Жоспарға сәйкес өткен оқу жылындағы пәндердің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша әкімшілік диагностикалық бақылау жүргізілді. Осы диагностика қорытындысына сәйкес жекелеген пәндер бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру жоспары құрылып , сабақ кестесі жасалды. Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша біліміндегі олқылықтары бар оқушылардың тізімі бекітілді. Білім сапасында жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру үшін консультациялық сабақтар күнделікті сабақтан тыс және сабақ уақыттарында жүргізіліп жатыр.
Қыркүйек айының 1- аптасында білім сапасында жіберілген олқылықтардың орнын толтыру, қалпына келтіру және жаңа оқу жылындағы бағдарламалық мақсаттардың меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша «Білім сапасында жіберілген олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру» жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Өткен оқу жылындағы пәндердің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша 2-10 сыныптарда негізгі пәндерден мектеп әкімшілігі тарапынан диагностикалық бақылау жұмыстарын алынды.

Пәндер бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарын әр пән мұғалімдері құрып, пән мұғалімдері білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына сәйкес келетін жаңа оқу жылындағы оқу мақсаттарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.


Оқу бағдарламасы негізінде білім алушылардың біліміндегі орын алған олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында күрделі оқу мақсаттарын кіріктіріп, сабақ жоспарлау ұсынылады. Ол үшін мұғалім оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан диагностикалық бақылау жұмыстары алынды.
Әр сыныптарда өткен оқу жылының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша біліміндегі олқылықтары бар оқушылардың тізімі жасалынды.
Сонымен қатар пән мұғалімдер тарапынан тоқсан басында, тоқсанның аяғында диагностикалық бақылаулар алынып, салыстырмалы мониторинг жүргізілуде.
Пәндер бойынша пән мұғалімдері аптасына бір рет білімінде жіберілген кемшіліктердің орнын толтыру үшін анықталған сынып оқушыларымен әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы жұмыстар жүргізіп отыр. Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасалынды.
3-тоқсанның қорытындысы бойынша әр сыныптың білім сапасы, пәндер бойынша өткен оқу жылымен салыстырмалы түрде мониторинг жүргізілді.
Ұсыныс:
1) пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (саралап оқыту, кейс-стади, тақырыптық талқылау, іскерлік ойын, жобалық және зерттеу жұмыстары, модульдік оқыту және т.б.) қолдану;
2) білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу кестесін әзірлеу және талдау жұмысын жоспарлау;
3) білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында жүзеге асырылған оқу мақсаттарын БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда ескеру;
4) БЖБ, ТЖБ нәтижелері негізінде білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау;
5) үлгерімі төмен оқушылармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет